1. Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелесуге уақыт бөлесіз бе?
2. Тәрбиеленушілеріңіздің жіберген қателіктерін түзетіп, байыбына жеткізе түсіндіресіз бе?
3. Тәрбиеленушілеріңіздің даму процессін қадағалайсыз ба?
4. Тәрбиеленушілеріңіздің сұрақтарына мұқият жауап бересіз бе?
5. Тәрбиеленушілеріңізді шектен тыс мақтап жіберетін кезіңіз бола ма?
6. Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелескен кезде беттеріне тіке қарайсыз ба?
7. Тәрбиеленушілеріңізді өз балаңдай жақсы көре, аласыз ба?
8. Тәрбиеленушілеріңіз қателік жіберсе қатты жазалайсыз ба?
9. Тәрбиеленушілеріңіздің қандай тәрбиеде өсіп жатқанына көңіл бөлесіз бе?
10.Тәрбиеленушілеріңіз сізге қатты ауыр сөз айтса, кешіре аласыз ба?
Жауабы:
Ия - 2 ұпай, Кейде – 1 ұпай, Жоқ, қарсымын - 0 ұпай.
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0-7 ұпай: Тәрбиеленушілеріңіз мейіріміңізге зәру. Әңгімелесуге, сабағын қадағалауға уақыт таба бермейтініңіз өкінішті. Оқушыларыңыздың санасында өзіңізге деген салқындық орнатпай тұрғанда, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз.
8-16 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен қарым- қатынасыңыз жақсы. Әрбір олардың болмашы жетістіктеріне жаныңыз марқайып қалады. Бірақ тәрбиеленушілеріңізді тым қорғаштай бермей, біліміне көңіл бөлгеніңіз артық емес.
17-20 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен тіл табысуларыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай тамаша. Тәрбиеге, ой- сапасының дамуына, талабын арттыруға көңіл бөліп, бар жағдай жасайтыныңыз сүйсіндіреді. Тәрбиеленушілеріңіз мейірім шуағына бөленуде.
