Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Тезис

МҚКК №5 сәбилер бақшасы

Мыржинова  Амина Турдубековна

 

«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.

Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

         Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

         Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд  сипаттама берген.

«Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Каалфф.

         Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Құм ойындары

         Қыстың суық күндерін де сырқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және ойынсауықтар ұйымдастырылады.

Ойын түрлері:

1.     «Ненің ізі».

2.     «Келесіге бер»

3.     «еркін ойындар»

Қорыта айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға  маңызды рөл атқарады.

Құм терапиясының әдістерінің  маңыздылығы:

Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз  пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

         «Қиялдау- ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған  белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.

Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калфф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген  негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда  бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді  көрсетеді.