Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Тақырыбы: «Баланың байланыстыра сөйлеу тілін дамыту барысында ТТШТ технологиясын қолдану»

Касымова Рымбала Кадирбековна

МҚКК№5 сәбилер бақшасы

      Өзектілігі: Баланың шығармашылық потенциалының тұлға ретінде даму мәселесі ірі білім беру мақсатының біріне жатады. Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен ұстаздың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуды қамтамасыз етеді.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ТТШТ технологияларын қолдану арқылы байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Міндеттері:

·        Жан - жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және білім беру тәрбиесін құру

·        Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және сыйлау қасиеттерін,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  төзімділік қалыптастыру

·        Ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа, салт-дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Жұмыстың ұйымдастырылуы: тапсырмалар жас шамасына сай және психологиялық ерекшеліктеріне сай болу қажет.

Сонымен қатар ТТШТ технологиясы бойынша миға шабуыл және пікірсайыс әдісін қолдану:

Миға шабуыл жасау алгоритмі:

1. Тапсырманы мұқият оқып шығу,оның ғылыми шешу болжамын және мағынасыз шешімдерін ұсыну.

2.Ұсынылған болжамдарға талдау жасау, ықтимал жауабын талдау

Күтілетін нәтиже: балалар берілген материалды меңгеру барысында әрекеттің тиімділігі балалардың шығармашылық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуді дамытады және психологиялық жағымды атмосфера туғызады

 

 

 

Шығармашылық адамның қызметін және ондағы шығармашылық ойлауынның болуын шамалайды. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау.

Ертегілер әртүрлі:көңілді, көңілсіз, сиқырлы, бойыңды баурап алады, оның бәрі балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді, көптеген қызықты білімді қамтиды. Өз бойларына батылдық, беріктілік, мықтылық, ертегі кейіпкерінің зұлымдық немесе адамгершілік қасиетін пайдаланады. Қай жерде балалар болса,сол жерде ертегі де болады. Балалар оны жақсы көреді.

Керемет ертегі айтушы Д. Родари және ТТШТ бағыттаушы авторлары келесіні мәлімдейді:

- Ертегілер балаларға жеткілікті түрде берілмейді

- Балалардың қиялының дамуында, ойлауында, сөйлеуінде және белсенді адамгершілік қаситеттерін тәрбиелеуде ертегілер толық көлемде пайдаланылмайды.

Мектепке дейінгі жас ерекше,сондықтан бала қалай қалыптасса,солай оның өмірі жалғасады.Әр баланың  шығармашылық потенциалын дамыту үшін  бұл кезеңді өткізіп алмау маңызды.

Мектепке дейінгі бейімделген ТТШТ-технологиясы жан-жақты шығармашылық ұранымен баланы оқытуға,және тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Жұмыстың әдістері мен тәсілдері:

Ертегілердің негізгі жұмысында мәселені мазмұндау әдісі, эвристикалық әдіс, ішінде ойыны бар әдістер басты орын алады.

Балалармен жұмыс фронтальды түрде жүреді.Ертегіні жан-жақты қарастыру үшін, ерекше сызба жасалған.

·        Ертегі және экология                                                                  

·        Ертегінің аты             

·        Адамгершілік сабақ

·        Жағымды қасиеттерді тәрбиелеу

·        Тілдік жаттығу

·        Ойлауын,қиялдауын дамыту

·        Ертегі мен математика

·        Ертегі  арқылы бала қолы дамиды

Бұл сызбаны шығарманың мазмұны мен көлеміне қарай өзгертіп отыруға болады.   Бөлім саны аз да, көп те болады.Әрбір ұсынылған ертегінің сөздері өзінше мағынасына қарай негізгі жоспарға бір не екі қойылған мәселелерді алға шығарады, қалғаны сәйкес үлеспелі болып қалады. Егер ол балаларға қызықты, пайдалы және керек болса, бір сызбадан өз бетімізше тапсырмалар мен сұрақтарды таңдаймыз.

Ойлауды дамытудың бір әдісі ол қиял және сөз, яғни екі қысқа ертегі мен әңгімені қосындысы жаңа мазмұнмен көрінуі болып табылады. Бұл жағдайда белсенді рөлде сөз және балның қиялы орын алады. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында басшылықты ересек адам алуы қажет. 

Балалармен ойлап шығару және түрлі жоспар жасауға болады:

·        ескі заттың жаңа үлгісін ойлап табу

·        өзін немесе отбасы мүшелерін жанды не жансыз затқа айналдыру

·        өзі жайлы ертегілер қиялдап құрастыру

Адамгершілік сабағы не үшін қажет?

Олөзмойынасәлғанақалыптыеместүсінікберугежүктемеалады: ертегініңбастымақсатынеде,яғникішкентайтаңдаушынынегебағыттайды, қандайадамгершілікқұндылықтардыбалабойына, санасынасіңдіреді.

Мұндай дәстүрден тыс тәсіл балаға ертегінің немесе ертегі кейіпкерінің қандай қасиеті жақсы екендігін, қандай қасиеті жаман екендігін, жаңа жағыдай тудыруға, қай жерде ертегі кейіпкерінің түзелуіне болатындығын, мейірімділіктің жеңетіндігін, қатігездіктің жазаланатындығын , тек қатты және адамгершілік қағидаларына қарсы емес мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.

Құрастырушы ойдың негізі болып: адамның жағыдайын жақсарту үшін барлық нәрсені, жетілдіруге, өзгертуге ,жақсартуға болатындығы- баланың шығармашылық ұраны болуы керек. Біздің негізгі мақсатымыз - адамгершілік қасиетті тәрбиелеу.

Толып жатқан тәрбиелеу мен тәсілдерде ертегі соңғы роліорнын алмайды. Көп себептерге байланысты балалар қаһарманды жақсы көреді, ол жақыны  болып кетеді, оны үлгі қылады. Осы салада адамгершілік тұрғысындағы маңызды сәттерге  назар аударамыз. Яғни,балалар салыстырады, дәлелдейді. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-жаман» ойынын пайдалану тиімді.

Ауызша сөйлеу мәнері мынаған бағытталған:

 «Тілдік жаттығу» Біріншіден сұрақтар қоя білу.  Ауызша сөйлеумен бірге арнайы оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздерді құрастыру, сөзтіркестері, сөйлем құруға үлкен  мағына бөлген жөн.

-бірнеше түбірлес сөздерді ойлап шығару(бас: басылды, басқарды, басталды, т.б. )

-екі сөзден тақпақ шығару,екі жолды тақпаққа көшу(барды, алды.

Түлкі қонаққа барды, Тырна досын қарсыалды)

Ұзын таратылған сөз құрастыру ойыны «Әр қайсынан бір сөзден»

Балаларға жазбаша тілдесу жанрын ашу маңызды.Ол мысалы:

Телеграмма.,қысқа хаттар,жазулар т.б

«Ертегі және экология»

Табиғат жайлы айта отыра эволюция құбылысы немесе динамикасы жайлы түсініктер жібермеу.Балаларға табиғат өзара байланысты және әрі қарай дамитынын  түсіндіру. «Жақсы-жаман» ойынын пайдалануға болады.

Ертегі қолды дамытады

Балаларға бір нәрсені бейнелеуге,қиюға,жапсыруға ұсыныс жасау.Ол үшін құрал-жабдықтар,кітаптар, иллюстрациялар, жүйелі оператор қажет.

Пікірсайыс - ең бір тиімді жаңашылдық,білім алу,методологиялық шешім. Инновациялық  «Пікірсайыс» педагогикалық бала дамуына,оның жеке шамасын ашуға бағытталған. Пікірсайыстың негізгі мақсаты интеллектік қабілеті дамыған еркін азаматты,өмірге деген шығармашылдық қабілетін,жеке сезімтал жауапкершілігі мен адамгершілігін тәрбиелеу