Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Тезис

Касымова Рымбала Кадирбековна

МҚКК№5 сәбилер бақшасы

 

     Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы - дегеніміз адамның өмірге деген көзқарасынан жаңа шығармашылдық туындайды, ол өмірдегі өзгерістерді,дамуды қабылдауына байланысты болады.

ТТШТ - технологиясында келесі шығармашылдық әдістерді атап көрсетуге болады.

Ертегінің аты. Адамгершілік сабақ. Жағымды қасиеттерді тәрбиелеу. Тілдік жаттығу. Ойлауын, қиялын дамыту. Ертегі және экология. Ертегі мен математика. Ертегі арқылы қолды дамыту.

Миға шабуыл.

Пікірсайыс.

Қай жерде балалар жүрсе, сол жерде ертегіде  болады. балалар оны жақсы көреді.

Шығармашылық тапсырмаларды орындауда барлық кезеңдерді пайдалануға болады және де керек. Дарынды адам тәрбиелеу үшін балалық шақтан бастап шығармашылық қабілетті қалыптастыру керек, яғни мәселелерді шешу, қоршаған ортаға ерекше көзқараспен қарау.Ертегілер балаларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.Өз бойларына батылдық, беріктік, мықтылық қасиеттеріне сіңіреді.

Мектепке дейінгі жас ерекше, сондықтан бала қалай қалыптасса, солай оның өмірі жалғасады. Мектепке дейінгі бейімделген ТТШТ  технологиясы жан-жақты шығармашылдық  ұранымен баланы оқытуға, тәрбиелеуге септігін тигізеді.                                                                                                                                                                                             

 

Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы бойынша ойындарды өткізуде келесі ережелер сақталуы керек:

·        Сұхбатасу кезінде еркіндік атмосферасын сақтау

·        Баланың сөзін бөлмеу

·        Олардың жауаптарына таңқалу, қуану

·        Балалрдың жоғары белсенділіктерін  және тең құқылықты ұстау

·        Тапсырмаларды фантазиялық жағдайда немесе хиқая түрінде ұсыну

·        Баланы тапсырманы шешуге әкелу, егер баланың қолынан келмесе онда үйге өзіндік жұмыс ретінде беру

·        Күрделі тапсырмаларды беруге қорықпау

·        Әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысу

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда және байланыстырып сөйлеу қабілеттерін жетілдіруде  үшін балаларға түрлі заттар қолданылып қойылымдар, монологтар, диологтар ұсынылады. Мысалы: Балаларға «Бір күні  орманда...», «Түлкі орманда келе жатса, алдынан ...», «Тиін телефон шалды...» осы сөйлемдер  бойынша ертегіні  жалғастыруын ұсыну.

ТТШТ тәсілін қолдану баланың жағдаяттарды шешуде  өз ойларын, пікірлерін және көз-қарастарын еркін жеткізу қабілеттері жетіледі. Сонымен қатар сөйлеудің түсіндіру түрлері және дәлелдеу-сөйлемдерін жақсы меңгереді.

         Ең маңыздысы – балалардың қиялдау белсенділіктері оянады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары.Алматы 2009.

2.     Воспитатель ДОУ.№6/2011