Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Тезис

Амирбекова Ырым Сагатовна

МҚКК №5  сәбилер бақшасы

 

 

 

 Мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекші іс – әрекет ретінде қалыптасады да оның дамуына мүмкіндік береді. Балалардың ересек адамның көмегінсіз алған әсерлерін ойында қолдану үшін айналамен таныстыру жұмысын ұйымдастырғанда психологтар ұсынған келесі жайды ескеру қажет. Мектепке дейінгі баланың алған әсерлерін ойында қолдануын арттыру үшін баланы әртүрлі белсенді әрекеттерге қатыстыру қажет. Мектепке дейінгі 5- 6 жас бала ойынын басқарудың әртүрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір – бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады. Оларды төмендегідей сызба арқылы көрсетуге болады:

 

Ойынды кешенді басқару

 

               
       

 

 

 


Қоршаған ортамен белсенді ісәрекетте таныстыру

Ойындық тәжірибесін байыту

Заттық – ойындық ортаны ұйымдастыру

Тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым- қатынасы

 

 

Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі балалардың ойындық тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.

 

Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту

 

Мазмұнын күрделендіру

Ойын әрекеттерін күрделендіру

Серіктесімен қарым - қатынасы

Өз бетінше жұмыс және шығармашылық

 

 

 

                    

Шығармашылық ойын ерте жаста қалыптасады. Балалар тамақтанады, серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардын тамақ дайындауын, ыдыс – аяқ жуғанын, басқа шаруалар орындағанын бақылайды, сонымен бірге балалар әртүрлы заттарды иә өздері пайдаланып, иә ересек адамдардың пайдаланғанын бақылап отырады.

Осы ойындарды «отбасы» ойынында байқауға болады. Бұл ойында бір – біріне кішіпейілділікке, адамгершілікке бір – бірін сыйлауға қалыптасады.

Топ ішіндегі қарым – қатынасы интенсивті болып өздері қарым – қатынас кезінде әртүрлі позициялар, стратегиялар, инициатива, коммуникация ережелерін біліп, ситуациаларға талдау жасау арқылы рольдік – сюжеттік ойындар арқылы жүзеге асады. Мысалы: «Дүкен» , «Дәрігер» , «Шаштараз» ойындары кіреді. Осы ойын арқылы қарым- қатынас , үлкенге еліктегішін бір – біріне кішіпейілділікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелейміз. Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды қимыл қозғалысын, тілдік дамуын жетілдіреміз. Сергіту жаттығулары балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербальді белсенділіктерін арттырады. Қазақтың ұлттық ойындары «Таңқурай» , «Бұғнай»,  «Қас қағым» т. б.

Балалармен ойындарды өткізу басында тәрбиеші төмендегідей талаптарды орындауы қажет:

-         балаларды ойын жағдайына міндетті түрде енгізу;

-         балалар өздері өздері әлі шеше алмайтын, ересек адамның көмегін қажет ететін жағдайлар ұсыну;

-         балаларды белсенді түрде ойынға қатыстыру;

Мұнан басқа балаларды ойын мазмұнын байытуға және әртүрлі ойын міндеттерін құрастыруға негізделген қоршаға ортамен таныстырудың маңызы зор.

     Рөлдік- сюжеттік ойындар тренингтік сабақтарда  коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді.

Тренинг барысында пікірталас жиі қолданылады.Пікірталас баланың өз жақындарын бағалауға, оларға зейін қойып, жеке бастарын сыйлауға бағытталады. Тренинг жүргізуші балалардан әжелерінің ең ұнататын тағамын, киімін, киносын, іс – әрекетін, өлеңін, түсін, әсемдік бұйымдарын атап – атап көрсетулерін сұрайды. Ал ең негізгі сұрақ «сен не істесен, калай сөйлесен әжең қатты суйсінеді деген сұрақ соңынан барып қойылды. Бұл пікірталасты ұйымдастырғанда бір топқа осы нұсқа, ал екіншіге тәрбиеші – педагогқа қатысты пікір – талас болған. Соңғы тренингтік сабақтарда «әдемі сөйлегенше, мұқият тыңдау керек пе, әлде ауызын ашылып» тыңдағанша әдемі, шешен сөйлей білу керек пе?» дилеммасы талданды. Бүл пікірталас техникасы меңгерудегі балалардың академиялық түсінігі жайлы мәлімет береді.