Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)650607
Мекенжайы: Павлодар қ., Майра көшесі, 41/1 үй 8(7182)655540-басшы 8(7182)650609-хатшы 8(7182)650611-есепші 8(7182)526096-вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі, жұма күндері, сағ.16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қоланудың тиімділігі

Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді  іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды қалыптастыруға бағытталған  бар білім салаларымен өзара байланысты  және өзара әрекеттеседі.

 

Денсаулық сақтау технологияларын жалпы екі топқа бөлуге болады:

 

1.     Медициналық (МДМ-дегі мед. қызметкерлері емдік-дене тәрбие, массаж, су процедуралары және т.б өткізуі).

 

2.     Педагогикалық (МДМ-дегі барлық педагогтар және тәрбиешілер өткізуі.)

 

 

Денсаулық сақтау технологияларын таңдап алу ең әуелі МДМ-нің түріне, ондағы балалардың болу мерзіміне, педагогтардың жұмыс істейтін бағдарламасына, педагогтың кәсіби құзіреттілігіне және баланыңденсаулығының көрсеткішіне байланысты.

 

Заманауи МДМ-дегі жаңа технологияларды қарастырайық

 

1.     Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясы

2.     Салауатты өмір салтын сақтауға үйрету технологиясы

3.     Түзету (коррекциялық) технологиялар

Организационная диаграмма

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау технологияларын осылай бөлу шартты емес, себебі олардың арасындағы шекаралар нақты көрінбейді. Мысалы алсақ, түзету технологиясы коммуникативтік ойындардан басталып, релаксациямен аяқталуы мүмкін. Ал ертегі баланың ерте сәбилік шағынан бастап сүйемелдесе, классикалық музыка баланың құрасу ішіндегі кезінен қабылданады.

     Динамикалық үзілістк де әртүрлі гимнастика түрлері енуі мүмкін – көзге арналған, тыныс алу, т.б. Тіпті бөлмені безендірілуінің түстері баланың көңіл-күйіне арнайы іс-әрекетсіз-ақ әсерін тигізеді.

     Осы сипатталған әртүрлі педагогикалық әсерлердің сауықтыру, білім беру және түзету құзіреттіліктері бар.

      «Педагогикалық технология» туралы педагогтар арасында әліде көптеген дау-дамайлар бар.

     Нақты бұл түсініктің оншақты белгілері болады. Толығырақ келсек: Педагогикалық технология – бұл амалдар, әдіс-тәсілдер және адымдар жүйесі, бірізділігі. Баланыі тәрбиелеуінің, білім беру және дамудың міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.

      Негізінде нақты әрекет процедура түрінде ұсынылады, яғни әрекеттің жүйесін анықтау, педагогикалық процесіндегі әрекет жүйесінің түрлерін өңдеу, кепілдемелі нәтижені қамтамасыз ету.

     Білім беру мекемесінің жұмысысның денсаулық сақтау бағыттын сипаттау үшін көптеген авторлар «Денсаулық сақтау іс-әрекеті» деген тұжырымдаманы қолданады. Өйткені ең дұрысы білім беру мекемесінде баланың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша өткізілетін іс-шараны жүзеге асыру арнайы мамандармен (мед. қызметкерлері, психолог, т.б.) байланысты.

      Тек МДМ-дегі баланың денсаулық мәселесі көбінесе педагогтың практикалық жұмыс барысында шешіледі, яғни педаготың кәсіби іс-шарасына тығыз байланысты.

     Содықтан кез-келген технологияның сауықтыру бағытында болуы да өте маңызды, денсаулық сақтау іс-әрекеттерін кешенді қолдану кейін баланың салауатты өмір салтына, толыққанды қиналмай дамуының тұрақты сарынын қалыптастырады.