Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
МДМ-дегі балалардың салауатты өмір салтын валеология құралдарымен қалыптастыру

 

Бұл сәби  жастан басталуы мүмкін бе? Деген сұраққа иә белгілі бір жағдай туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған  салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында, күнделікті өмірде  балаға жеткізе білу керек. Адам бала кезінен бастап өз ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға  жауапкершілікпен қарайды. Егер бала бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді. Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне қызығушылық туғузу қажет.Бірақ бала денсалығын нығайту  үшін ұмтылмайды. Ол үшін жеке тұлғаға тиісті  белгілі бір жасына сәйкес өзін өзі дамыту және өзін өзі сақтау  техналогия  қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің  таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен. Денсаулықты сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді  қозғалысқа, қуатты ынталандыру, ақыл – ой және эмоционалдық белсенді  болып табылады. Нақтырақ  тоқталсақ денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары  мен іскерлігін қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар пайда болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде валилогия негізі қалыптасты. Осы негізге сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы ең басты құндылық  болып саналады.

         Валеология – денсалықты сақтау, денсаулықты қалыптастыру заңдылығы болып табылады. Валиология негізін қалаушы деп  орыс ғалымы И.И.Брехман. Ол 1982 жылы өз тәжірибесінде  денсаулығы бар адамдарды  практикаға алды. Валилогия пәнінің негізі болып дені сау адам және оның денсаулығын нығайту болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеде валиология пәнінің мақсаты гигиеналық тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек, рационалы демалыс, шынықтыру процедурлары, дене тәрбиесі мен өзін –өзі дамыту, рационалды және дұрыс  тамақтану, жеке дара гигиена, уақытында дәрігерге көріну т.б.

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:

1.Адам табиғат пен қоғамнның бір бөлігі деген жүйелік бойынша балаларды тәрбиелеу.

  2.Баланың өлі және тірі табиғатпен үйлесімді қарым қатынасын орналастыру

3.Жеке тұлғаның қалыптасуы

4. Жеке дара гигиеналық тәрбиесі

5.Баланы шынықтыру және оның белсенді қозғалысы

6. Зиян қылықтарды жою және оны алдын – алу.

Валиология курсын ата- аналармен бірлесіп өткізу  өте тиімді. Ата-анамен бала арасындағы қарым –қатынастын проблеммасын ойын және әртүрлі методикалық ойындар арқылы шешуге болады.

         Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде денсалық бұрышын «Дені сау балақай!», балалармен жеке дара жұмысқа қоса  альбомдар ашуға болады. Мысалы: «Есіне сақта балақай!», «Назар аудар балақай!», «Таңғажайып лабиринт». Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы физминуткалар жасауға болады.

Балалардың гигиеналық тәрбиесі

Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу -  олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрысқалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті  білім мен дағдыларын үреніп – орындауларынан, олардың ғана денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге басқа балалардың, ересектердің денсаулықтары да тәуелді,байланысты болады.

Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілулері керек.

         Әуелі балалар қарапайым ережелерді орындауға үйрену керек: тамақ алдында, дәретханадан, ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен  кейін қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана. Ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға  жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек.

         Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру – баланың үнемі ұқыпты боуын, киіміндегі ақаулықты өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық тәрбиесі тығыз байланысты.Сондықтан сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану кезінде үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары үйретіледі.

Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы керек.

         Мәдени-гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу міндеттерін шешуге көптеген педагогикалық тәсілдерді баланың жас шамалық ерекшеліктеріне қарай қолданылады.(Тура үйрету, көрсету, іс-әрекеттерді орындау жаттығулары, дидактикалық ойындар, т.б.)

Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды біртіндер күрделендіру қажет. Жәнеде әрекеттерді нақты да  дәл орындауына бірізділікпен жету керек.

 

Мәдени-гигиеналық дағдыларды сәбилер тобының балалары арнайы бағытталған ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды каринкалар, белгілер арқылы үйретіледі. Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие, айналамен таныстыру және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады.

         МЖД балаларға тәрбиеші( кезкелген ересек адам) үлгі екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан ересектердің жағынан балаларға қойылатын талап бірдей болуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№5 сәбилер  бақшасы

МҚКК

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 МДМ-дегі балалардың салауатты өмір салтын валеология құралдарымен қалыптастыру

 

                             

                                       

 

Оқыған: А.Т.Мыржинова

                                                             Ортаңғы «Б» тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2011-2012 оқу жылы