Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Зерттеу әрекеті

 

Солтангазинова Айгерім

Ортаңғы топ тәрбиешісі

Тақырыбы:«Лимон жемісінің қасиеті»

Мақсаты:Жеміс түрлері туралы, лимон жемісінің қасиеттері туралы мағлұмат беру, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру. Бір-бірінің жауаптарын тыңдай білуге баулу.

Қажетті құрал-жабдықтар:Лимон, шай, дағы бар мата, лимон трафареті, тірек сызба, ас содасы, сірке қышқылы, шар , шыны бутылка

Ұйымдастыру кезеңі:«Көзілдірік» ойынын ұйымдастыру

Ойынның шарты:Ортаға бір баланы шығарып, көзілдірік киіп, ортадағы бала туралы жылы лебіздер айту.

Негізгі бөлім:«Қызықты буынұйқас» ойнын ойнау

  1. Ма-ма-ма                                                               3. -Ұрт-ұрт-ұрт                    

Жақсы көрем алма.                                                Сатып алдым алмұрт

2.Е-е-е                                                                    4.-Он-он-он

Бақта өсті шие.                                                        Ағашта өсті лимон.

 

 

   -Балалар, осы лимон жемісі туралы мағлұматтар алу үшін орталықтарға бөлініп ақпараттар жинайық.Фишкалар жинап орындарға жайғасайық.

1-орталық: Өнер орталығы

-Балалар біз алдағы  уақытталимон суретін қандай тәсілдермен салдық?

-Қылқаламмен, майшаммен, саусақпен, губкамен.

-Ал, бүгін біз лимон шырынымен сурет салып көреміз.

Ол үшін : лимон шырынын ыдысқа сығып аламыз, ақ бетке лимон трафаретін орналастырамыз, шиге оралған мақтамен суретті саламыз.

-Ал, екінші тәсіл дәл осындай, тек сары бояу қосып саламыз да суретімізді электр лампасына кептірміз.

2-орталық: Әдебиет орталығы:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешесіңдер ме?

-Тоқсары емес, сары,

Дөңгелек емес, сопақша,

Көкөніс емес, жеміс

Бұл не?  (Лимон)

-Жұмбақты «емес» сөзі арқылы құралған тез жаттап алайық

-Суретті сызба арқылы жаттаймыз.

2. Сызба арқылы сөйлем құрайық

1. Лимон-ағашта өседі.

2.Лимон  тарелкада жатыр.

3.Лимон-сары түсті.

4. Лимонды шайға қосамыз.

3-орталық: Ғылым орталығы:

-Балалар, лимон туралы «лото» ойыны арқылы ақпарат жинайық.

Лимон түсі-сары.

Лимонның пішіні-сары.

Лимон ағашта өседі.

-Балалар, лимонның қандай пайдасы бар?

-Лимонды шайға қосып ішсек ауырмаймыз.

Лимонның пайдасымен қатар зияны да бар, лимонды көп жесек тісіміздің эмалін кетіреді.

-Ал, балалар сендер лимонның дақ кетіргіштік қасиетін білесіңдер ме?

-Олай болса алдымыздағы матаны лимон шырынымен сүртейік те, жылыға кептірейік.

-Маталар кепкенше тағы бір тәжірибе жасайық:

-Суды шөлмекке құямыз, 1 ас қасық сода саламыз. Басқа ыдысқа лимон шырыны мен 3 ас қасық сірке қышқылын араластырып, шөлмекпен суға құямыз, шарды бутылкаға кигізіп изолентамен ораймыз.

-Балалар, қараңдаршы не болды?

-Шар үрленді.

-Ас содасы мен лимон шырыны , сірке қышқыл газы қысым құрайды да, шар үрленеді. Бұл тәжірибені үлкендермен ғана жасау керек.

   Дыбыс беру.Шеңберге тұрып сергу. Сергіту сәті:

Дөңгелек лимон,

Алдым қолға,

Қыстым зорға,

Сықтым шырын

Кесе тола,

Лимон жерге түсті,

Қолым болды күшті.

Фишкалармен  2 рет  ауысыу.

Қорытындылау:

-Балалар, лимонның қандай ерекшеліктері бар?

-Лимонды кім сипаттап береді?