Телефон доверия
8 (7182)650607
Адрес: г.Павлодар, ул. Майры, д. 41/1 8(7182)655540-руководитель
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда, пятница 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Қарттарға құрмет

 

1 қазан – қарттар күні

Жүргізуші:   Мерекелереніңіз құтты болсын ата-апа!

                        Көкіректен жыр төгілмей жата ма!

                        Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,

                        Кенеліп бір ілтипатты батаға.

Қадірлі ата-әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.

Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін бала бақша меңгерушісі Р.Ж.Қазали қызына береміз.

Жүр: Асыл әжем, мақтанышым менің де

          Қонақ болып отыр міне төрімде.

          Өзіңе арнап былай тәтті үніммен

          Ән салатын кезім келді  менің де.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.

                                                1 )Ән: «Ақ әжем

Жүр: Балалар әже деген қандай болады?

Балалар жауабы :

Жүр: Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!

 

 Жүр: Ата көрген оқ жанар

          Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Қол өнер» биімен қыздарымызды шақырамыз.

2)Би: «Қол өнер»

Рахмет сендерге, балалар!

3)Тақпақтар

Жүр: Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?

Мұстафа:

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Қалиақпар:

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Алла берген ұл-қызың,

Маңдайдағы жұлдызың.

Қариясы бар адам,

Дариясы бар адам.


 

 

 

Тамерлан:

Ата үлкен кәріміз,

Қуат берген дәріміз.

Әуелете аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

Әділ:

Ақтілек:

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап,


 

Жақсы көрем апамды.

Әділ орт «В»

Ұл қызына ерген

Немерең біз әже

Немерелеріңнен өрген

Шөбереңбіз әже.

 Рахмет балалар! Тақпақты қалай жақсы айтасыңдар!

Жүр: Ал енді ортаға біздің бақшаның кішкентай балапандарын ортаға шақырамыз.

4) «Балапан»

  Жүр:Күн нөсерін төгейік

         Жырдан моншақ өрейік

         Уа жамағат ал енді

        Әнге кезек берейік

«Достарым» әнімен Абиева Анелді ортаға шақырайық.

Тамаша! Рахмет саған Анельжан! Талабыңа нұр жаусын!

5)Ән: «Достарым

Жүр: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.

6) Би: «Тентегім»

Жүр: Балалар сендердің аталарың қандай ?

7)Тақпақтар


 

Разия:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Батырхан:

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, нұр әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз әжем, тіл әжем.

 


 

Дильназ:

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Тимур:

Бесігіме бөлеп алып,

Сен тербетсең қалғимын.

Жүрегіме сіңіп жатыр,

Сенің айтқан әлдиің.


 

Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.


 

 

 

Жүр: Жүректен кіріп бойды алар

          Әсем ән мен тәтті күй

          Көңілге түрлі ой салар

          Әнді сүйсең менше сүй. Деп ортаға «Көбелек» әнімен Нұрайды  шақырамыз.

8)Ән : «Көбелек»

   Жүр :Күлімдеген көзіңнен

             Айналайын атажан

            Не үлкен сый бар бізге

           Өзің берген батадан . деп бүлдіршіндеріміз аталарына «Ойыншықтар» биін арнайды.                                                  

9)Би: « Ойыншықтар»

Біздің бүлдіршіндеріміз қандай өнерлі! Рахмет сендерге!

10)Тақпақтар:


 

Айнұр:

Әжем менің шешіре

Көп ертегі біледі

Сыртта жүрген кезінде

 Бізді ойлап жүреді

 

Анель:

менің әжем ақ әжем

             Ақ жаулықты жан әжем

             Ақыл айтқан дан әжем

              Ертегісі дар әжем


 

Бекарыс:

Күлімдеген көзіңнен

Айналайын атажан

Не үлкен сый бар бізге

өзің берген батадан

 

Әділ:Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал әжем,

Ылғи менің қасымда.


 

Арайлым:

Ақ жаулықты әжемді

Ай-нұрына теңедім

Әр ісінен үлгі алып

Еркін өсіп келемін

Шыңғыс:

Мейірімді апалар

Балалар кеп бата алар

Қалтасына кәмпит сап

Немереге апарар


 

 

Жүр: Қысылып еш саспаңдар

          Кәнеки би бастаңдар

          Ата-әжелердің көңілін.

          Бір көтеріп тастаңдар.

Бүлдіршіндерді қазақтың «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

11)Би: «Қара жорға»

жүр:    Гүл-гүл жайнап әріміз

           Кірді біздің сәніміз

            Қарттарымызды тойымен

           Құттықтаймыз бәріміз.

Бәріміз бүлдіршіндерімізді «Бақытты баламыз» әнімен қарсы алайық.

 

12)Ән : «Бақытты баламыз»

Жүргізуші өлең оқиды .

Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!

Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші  ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.