10 «А» және 10 «Б» сынып оқушылары Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда болды. Балалар Павлодар қаласының музыкалық мектептерінің және дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-интернат оқушыларының шығармашылығымен Балалар жылына арналған гала - концертте танысты.
Сынып жетекшілері: Лымарчук Л. М., Кашкирова Ж. Ш.
Жеңіс күні қарсаңында 8 "А" сынып оқушылары Оқушылар сарайында орналасқан ҰОС мұражайына барды. Павлодар облысының батырлары туралы көптеген қызықты мәліметтер алды, соғыстан келген сарбаздардың хаттарын оқыды. Сол кездегі қиын уақытты есте сақтау және бейбіт өмірінің құндылығын ұрпаққа түсіндіру өте маңызды.
"Балалардың назарына!" Павлодар қ. Орталық ПБ аға инспекторы полиция майоры Г.Н. Рахимгожина 7 сынып оқушыларымен тақырыптық дәріс өткізді.
«Жол белгісі» жас жол қозғалысы инспекторлары жасағы «Жол қозғалысының жас инспекторы – 2022» шоуының қалалық байқауында 2 орынға ие болды.
Польских Мария 1 "И"сыныбының оқушысы "Dance challenge" Халықаралық көркем өнер фестивалінің соло номинациясы бойынша 2 дәрежелі лауреаты атанды. Мәрияны құттықтаймыз, келешекте жеңістер тілейміз!
1 "Б" сынып оқушысы Северинова София халықаралық хореографиялық өнер фестиваліне қатысып, Гран при иеленді.
2 "Б" сынып оқушысы Исабаев Айлан Грэпплинг және Грепплинг ГИ бойынша Ашық қалалық чемпионатқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарайсың, Айлан!!! Әрі қарай жеңістер тілейміз!!!
Клуб турнирінде Үлкен теннис бойынша 1 орын алған 3"Д" сынып оқушысы Заречная Элеонораны құттықтаймыз. Спортта одан әрі жеңістер тілейміз!
1 "Г" сынып оқушысы Прохорова Сталинаны ағылшын тілінен Халықаралық олимпиадасында бірінші орын алуымен құттықтаймыз!
24 сәуірде жүгіру арқылы спорттық бағдарлау бойынша қалалық турнир өтті. Біздің "Горизонт" командасы, 34 мектеп оқушылары, жүлделі орындарға ие болды.
Чернобыль АЭС-індегі оқиғаға байланысты қалалық деңгейде "Самбо" күресінен 7 "В" сынып оқушысы Кенжетай Даниал I орынға ие болды. Құтықтаймыз
2022 жылдың 22 сәуірінде облыстық жасқырандықтардың "Жеті қазына" жобасы аясында Оқушылар сарайында "Табиғат сыры" экологиялық квесті өткізілді.
6"В" сынып оқушылары "Ұмытылмас қаһармандар. Ұмытылмас батырлар" атты көшпелі көрмесіне барды. Аталған іс-шарада олар Кеңес Одағының Батыры Қайырбаев Махметтің ұлы, Қайырбаев Мұрат Махметұлымен кездесіп, Ұлы Отан соғысындағы әкесінің ерліктері туралы білді.
Ғылым күні аясында 7 сынып оқушылары үшін "Генри Форд: ең танымал өнертапқыштың тарихы" тақырып бойынша іс-шара өткізілді.
Мұғалімдер: Шакирова А.А., Муканова А.К.
Ғылым күні аясында 9«Г» мен 9 «Д» сынып оқушылары үшін «Не? Қайда? Қашан?» атты ойын өткізілді.
Мұғалімдер: Мельник Г.К., Жумадилова С.Д.
«Орыс тілі» пәні бойынша ӘЖТ-ның 6 сынып оқушылары үшін «Төтенше суық» атты сабақ өтті.
Жетекші: Шавенкова Н.П.
21 сәуірде бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі арасында ғылым қызметкерлері күні аясында "Бастауыш сынып оқушыларының жобалық қызметін ұйымдастыру"атты дөңгелек үстел өткізді.
6"Б" сынып оқушысы Стародубцева Надежда "Үнем-қоғам қуаты" арнайы жобасы аясында "Дүниежүзілік су күні" акциясына қатысты.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жоғары сынып оқушылары сыныбында кітап оқиды. Кітапхананың қызықты әлеміне саяхатқа шақырады.
№2 ОӨК базасында ұйымдастырылған "Үздік жүргізуші - 2022" байқауында жүлделі орындарға ие болған 11 "А" сынып оқушылары Савина Валерия мен Закирова Дилярды құттықтаймыз!
