Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Даволен ли ты сегодня школьной столовой?
Голосовать
Очень хорошо - 9
Хорошо - 9
Не даволен - 9
Очень плохо - 7
Всего проголосовало: 34
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әкімшілік
НУРЕКЕНОВА ЗЕЙНЕГУЛ КАЛАМТАЕВНА
НУРЕКЕНОВА ЗЕЙНЕГУЛ КАЛАМТАЕВНА

ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

  • Тәрбие үрдісінің, үйірмелер жұмысының, мектептік іс-шараларды өткізудің сапасына жүйелі бақылау жасауды жүзеге асырады;
  • Мектеп жұмыскерлерінің жаппай құқықтық оқуын жүргізеді;
  • Сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларға, үйірме сабақтарына қатысады, олардың формалары мен мазмұнын сараптайды, сараптау нәтижелерін педагогтардың назарына ұсынады;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының орындалуын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады;
  • Қазақстандық патриотизмге, интернационализмге, азаматтыққа тәрбиелеу бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын жүзеге асырады;
  • Мектептік музейдің жұмысын бақылайды;
  • Ата-аналарға арналған ағартушылық жұмысты ұйымдастырады, ата-аналарды (олардың орнын ауыстырушы тұлғаларды) тәрбие үрдісін ұйымдастырудың мәселелері бойынша қабылдайды;
  • Оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге ата-аналардың жұмылдырылуын, ата-аналар патрулінің жұмысын ұйымдастырады;
  • Сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтің, мектеп полицейінің, балақ құқығын қорғау жөніндегі инспектордың жұмысын үйлестіреді;
  • Азаматтық құқықтық сана тәрбиесін, оқушылардың құқықтық жаппай оқуын және құқықтық тәрбиесін ұйымдастырады;
  • Құқықбұзушылықтардың алдын алу Кеңесінің жұмысын бақылайды;
  • «тәуекел тобындағы» оқушылармен дербес жұмысты жүзеге асырады;
  • Мектептің шағын ауданында рейдттерді ұйымдастырып, өткізеді;
  • Оқушылардың кәсіби бағдары бойынша жұмыстарды, негізгі және жоғары мектеп түлектерінің жұмысқа тұруын ұйымдастырады;
  • Сынып жетекшілерінің, мектеп психологтарының жұмысын үйлестіреді;
  • Еңбек тәрбиесін, еңбек десанттарын, мектеп аумағын көріктендіру бойынша сенбіліктер өткізуді ұйымдастырады;
  • Бекітілген есептік құжаттардың уақытылы жасалауын қамтамасыз етеді, сынып жетекшілерімен, өзге де педагогтармен тәрбие жұмысы бойынша құжаттардың дұрыс және уақытылы жүргізілуін бақылайды;
  • Директор жанындағы кеңестің хаттамалары;
  • Ыстық тамақты, асхана жұмысын ұйымдастырады;
МУССИНА АСЫЛ КАЛАМТАЕВНА
МУССИНА АСЫЛ КАЛАМТАЕВНА

ДИРЕКТОРДЫҢ КӘСІПТІК ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

  • Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысын ағымдық және алдын ала жоспарлануын ұйымдастырады;
  • Мектептің педагогикалық және өзге де жұмыскерлерінің аттестациясын дайындайды және өткізеді;
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау бойынша педагогтардың (мұғалімдердің, тәрбиешілердің, өзге де педагогикалық жұмыскерлердің) қызметін үйлестіреді;
  • Әдістемелік жұмысты жоспарлайды және оған жетекшілік етеді, мектеп педагогтарының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
  • Инновациялық бағдарламаларды және технологияларды игеру мен құрастыру бойынша педагог жұмыскерлерге көмек көрсетеді;
  • Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын, лицей және кәсіптік сыныптарда оқушылардың нәтижелерін бағалаудың шынайылығын бақылауды жүзеге асырады;
  • Білім беру үрдісін жетілдіру және жаңарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Гульмира Амангельдиевна Сулейменова
Гульмира Амангельдиевна Сулейменова

ТӘРБИЕ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ

1. Аға тәлімгерлердің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың және қосымша білім беру педагогтарының қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.

2. Тәрбие жұмысы бойынша, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; тәрбие процесінің мазмұны мен жүргізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.

3. Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

4. Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

5. Балалар ұйымының жұмысын ұйымдастырады.

6. Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, жобаларға, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

7. Білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

8. Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды.

9. Пікірсайыс қозғалысын дамытады.

10. СӨС қалыптастыру мәселелерімен айналысады.

11. Туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады.

12. Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді. Аз қамтылған отбасы балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.

13. Музыка, көркем еңбек және дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын бақылайды; олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын, істердің жай-күйін және олардың жұмыс нәтижелерін талдайды.

14. 1-11 сыныптарға жетекшілік етеді.

АЛТЫНБЕКОВА САУЛЕ АБЫЛКАЙРОВНА
АЛТЫНБЕКОВА САУЛЕ АБЫЛКАЙРОВНА

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

  • Мемлекеттік тілдің қызметі жөніндегі мәселелерге жетекшілік етеді;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмысына жетекшілік етеді;
  • Кадрлармен жұмысқа жауап береді, есеп берулерді құрастырады (РИК);
  • «Тілдер туралы» Заңды жүзеге асыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын үйлестіреді;
  • Мектеп қызметкерлерінің қаза тілін оқып-игеруін ұйымдастырады;
  • Мұғалімдердің курстық қайта даярлануын ұйымдастырады;
  • ВОУД-қа дайындық және оның өтуі бойынша қызметті ұйымдастырады;
  • Мектеп бойынша есептілік: тоқсандық үлгерімдер, оқу үрдісінің мониторингі;
  • Мектептің педагогикалық және өзге де жұмыскерлерінің аттестациясын өткізуге қатысады;
  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың жүргізілуін, бағдарламалық материалдың орындалуын, қазақ тілі мен әдебиеті және гуманитарлық цикл мұғалімдерімен журналдардың жүргізілуін бақылайды;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы;
  • Қорытынды аттестацияға дайындалуды және оны өткізу қызметін ұйымдастырады.
СЕРИКБАЕВ АСЕТ БАХЫТЖАНОВИЧ
СЕРИКБАЕВ АСЕТ БАХЫТЖАНОВИЧ

ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

  • Емтихандарға дайындықты және оны өткізудің іс-қимылын ұйымдастырады;
  • СЭОенгізу бойынша мектеп жұмысын үйлестіреді, НОБД, Күнделікбазасының толтырылуын, жұмыс жоспарларының, оқытушылар жүктемесінің және күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардың, сабақ кестелерінің жүргізілуін бақылайды;
  • қатаң есептілікке ие құжаттардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
  • жаппай оқытуға бақылау: оқушылардың мектептегі қозғалысын бақылау;
  • мектеп бойынша есептілікті жүргізу: тоқсандық үлгерімдер, оқу жылын аяқтау;
  • ақпараттандыру бойынша есептілік;
  • дубликаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Қорытынды аттестацияға дайындалу және оны өткізу қызметін ұйымдастырады.