Сенім телефоны
8 771 532 8223
email: e-mail: sosh34@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Лермонтов к,, 93/1
телефон: 62-10-07 факс: 8(7182) 62-10-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Т.А. Мигунова - сенбі с 9:00 до 11:00
Твое настроение после посещения школной столовой?
Голосовать
Очень хорошее - 11
Очень плохое - 11
Хорошее - 5
Плохое - 5
Всего проголосовало: 32
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ОЖСБ өткізу тәртібі

Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОБ ОЖСБ) білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасын мониторингтеу түрлерінің бірі болып табылады.

ОБ ОЖСБ жүргізудің мақсаты:

  • білім беру қызметтерінің сапасын бағалау;
  • білім алушылардың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау.

ОБ ОЖСБ:

  • бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;
  • негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;
  • жалпы орта мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында іріктеліп жүргізіледі.

ОБ ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді. ОБ ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын айқындайды.

Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді (тест тапсырмаларының үлгісімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады www.testcenter.kz/schools/voud-so-spec )

ОБ ОЖСБ 4,9 және 11- сыныптарда өткізіледі:

  • 4-сыныпта қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі.

Тестілеуге 1 сағат 10 минут (70 минут) уақыт беріледі.

  • 9-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі және басқа жалпы білім беретін пәндердің біреуі бойынша жүргізіледі, оның тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

Тестілеуге 2 сағат 10 минут (130 минут) уақыт беріледі.

  • 11-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үш пән бойынша жүргізіледі.

Тестілеуге 2 сағат 20 минут (140 минут) уақыт беріледі.

ОБ ОЖСБ нәтижелерін өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарында жүргізіледі.

ОБ ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалар