ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептің колледж, ЖОО, кәсіпорындармен ынтымақтастығы
20-04-2017 12:31
Мектептің колледж, ЖОО, кәсіпорындармен ынтымақтастығы

2017 жылдың 19 сәуірінде Павлодар қаласының  № 28 ЖОМ  «Мамандықтар шеруі» атты сайыс өтті. Команда 7 - 9 сыныптардың  70 оқушыларынан құралған  «Нефтехим LTD» ЖШС және «Крендель» ЖШС құралды. Көрермендердің қызықты назарында тоқымашының, жұмысшы-технолог полимерлік өндіріс, машинист-экструдер, қондырғылардың машинист-компрессоры, химиялық талдаудың зертханасы, кондитер, слесарь-жөндеуші, аспазшы мамандықтарының еңбектері болды. Іс-шараға  дайындық кәсіпорындармен бірлесіп жүзеге асырылды.

Павлодар технологиялық колледжі және Павлодар сервис және тамақтандыру колледждерінде,кәсіпорындарда  оқушылар аталған мамандықтар бойынша бірнеше рет   тақырыптық кеңес, сұхбаттар алып,  бейіндік пәні - химия барысында интеграцияланған сабақтарды оқытушылармен бірге зерделеді. Шараға қатысушылар деректемедегі мамандықтар бойыншажұмыс киіммен қамтамасыз етілді.

Қазылар алқасы құрамы Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің проректоры, профессор Бағжанат Дындарбекқызы Қайырбекова, «Крендель» ЖШС HR-менеджері Жібек Шиколаевна Мұқанова, «Нефтехим LTD» ЖШС басшысы Илона Вячеславовна Гришина, облыс білім беру басқармасы Инновациялық дамыту орталығының әдіскері Әсемгүл Найманова Бейсенқызы, облыстық кәсіпкерлер Палатасы маманы Ляззат Серікқызы Беспаевадан құралды. Жақсы көтеріңкі көңіл-күй, кәсіпорындармен қарым-қатынасы нәтижесінде меңгерілген білімдер, тәжірибелер және ұжымдық  ынтымақтастық сайысқа қатысушылардың марапаты болды.