Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар шығармашылығының «Дарындар аралы»
20-10-2017 04:46
Балалар шығармашылығының «Дарындар аралы»

2017 жылғы 14 - 17 қазан аралығында Астана қаласында IV Халықаралық көп жанрлы «Дарындар аралы» балалар мен жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының фестиваль-конкурсы өтті. Фестиваль күні 15 қазанда «Жастар» жастар сарайында өтті. Конкурсқа Омбы, Астана, Атырау, Щучинск қалаларының жүзден астам қатысушысы, оның ішінде Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің екі оқушысы қатысты.

Конкурстық бағдарлама бойынша қатысушылар бір әннен орындап, қазылар алқасы қатысушының туындыны көркем орындауын, айту мәнерінің тазалығын, дыбыс ырғағының сапасы мен сахналық мәдениетін бағалады.

Конкурс қорытындылары бойынша музыкалық мектептің екі қатысушысы конкурс лауреаттары атанды. «Моана» мультфильміндегі «Моана» әнін шырқап 9 жастағы Токатова Веста I-дәрежелі лауреат атанды, ол қалалық және мектепішілік шаралардың белсенді қатысушысы. «Барбарики» репертуарының «Цветик-семицветик» әнін орындап 10 жастағы Ангелина Мартышкина II-дәрежелі лауреат атанды. Ангелина қалалық және республикалық конкурстардың сан мәрте жеңімпазы. Конкурстың барлық лауреаттары грамоталар және медальдермен марапатталды. Конкурс жеңімпаздарын мектеп педагогы Юлия Вадимовна Захарчук дайындады.