ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Волейбол бойынша жолдастық кездесу
30-11-2017 11:18
Волейбол бойынша жолдастық кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және мектептің колледж бен балалар үйі арасындағы бірлеске жоспарына сәйкес 2017 жылдың 29 қарашасында Кенжекөл ЖОМ-да Павлодар сервис және тамақтану колледжі мен Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінен құралған қыздар құрамаларының арасында волейбол бойынша жолдастық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, белсенді және салауатты өмір салтын ұстану, волейболды дамыту.

Ойын өте әсерлі өтті. Жарыстың алғашқы минутынан-ақ командалардың жақсы дайындығы байқалды: ойын жоғары деңгейде өтті, әрбір соққылар нақты, эмоциялар ашық, қызу сәттер. Алаңда ерекше спорттық атмосфера орнады, командалардың жанкүйерлері жақсы қолдау білдіріп отырды. Ешбір команда тізгінді бергілері келмеді, өздерінің бар ынталарымен алға басты.

Ойын қорытындысы бойынша жеңіске Павлодар сервис және тамақтану колледжінің командасы жетті. 2 орынды Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы, ал үшінші орынды Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйінің командасы иеленді. Командалар құрмет грамоталарымен және кубокпен марапатталды.