ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қаздар қонысы» аумағын тазалықта сақтайық
16-04-2018 10:09
«Қаздар қонысы» аумағын тазалықта сақтайық

2018 жылғы 13 сәуір күні Павлодар қаласы білім беру бөлімі экология және туризм орталығының 60 тәрбиеленушілері (№ 30, 35 ЖОМ оқушылары)  ұстаздармен бірге, «Жасыл ел» студенттер жасағының жауынгерлері, «Спецмашин» ЖШС бірлесе қаланың санитарлық тазалау және көріктендіру айлығы көлемінде «Қаздар қонысы» бірегей палеонтологиялық ескерткішінің аумағын тазалауға шықты. Мақсаты - оқушыларды бірегей табиғат ескерткіштерін қорғау бойынша табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру болды.

Аумақты тазалау бойынша жұмыс алдында оқушыларға табиғат ескерткіші, оның сақталу маңыздылығы туралы мағлұмат берілді.

«Бүгінгі шараға біз қажетті техника, құралдар мен қоқысқа арналған қаптарды ұсынып отырмыз, сонымен қатар, барша экологиялық марафоны қатысушыларын тәтті тартулар да күтіп отыр», - деп «Спецмашин» ЖШС  директорының орынбасары Аида Нұрұмова айтты. Тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін жасақ қатысушылары грамоталар және дәмді жүлделермен марапатталды.

«Біздің қаламыздың тазалығы, «Гусиный перелет» ескерткіші сияқты бірегей орындардың бірін сақтап қалу - біздің қолымызда. Осы жылы «Қаздар қонысы» ескерткішінің ашылғанына 90 жыл толып отыр», - деп мәлімдеді экология және туризм орталығының басшысы Салават Ботбайұлы Сейітқанов.