ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп волейбол лигасының қорытындысы жасалды
16-05-2018 09:36
Мектеп волейбол лигасының қорытындысы жасалды

«Баянтау» Спорт сарайында «Мектеп  волейбол лига -2018» волейбол бойынша V қалалық жарысының салтанатты жабылуы өтті.Волейбол бойынша жарыс 2018 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін Павлодар  қаласының жалпы білім беру мектептерінің құрама командалары арасында төрт турмен өтті. Осы кезеңде волейбол бойынша жарыс  1000-нан аса оқушы қатысуымен 5 - 6  және  7 - 8 сынып оқушылары 72 команда  арасында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша  жалпы командалық сынақта 5 - 6 сынып оқушылары арасында (ұлдар)  I орынды № 19 ЖОМ, II орын - № 17 ЖОМ, II орын - № 3 ЖОМ командалары алды, қыздар арасында  I орын   № 2 ЖОМ, II орын - № 14 ЖОМ, III орын -№ 19 ЖОМ командасы алды.

7 - 8 сынып оқушылары арасында  (ұлдар) I орын № 16 мектеп-лицей командасы, II орын - № 2 ЖОМ, III орын - № 22 ЖОМ, қыздар арасында  I орын № 24 ЖОМ, II орын - № 4 ЖОМ, III орын - № 29 ЖОМ командалары алды.

Жарыс жеңімпаздары  мектеп волейбол лигасының  үйлестірушісі Талғат   Фаритович  Мамашевтің  қатысуымен  Павлодар қаласы  білім бөлімінің  дипломы , «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және  балалардың дарындылығын дамыту орталығының  ауыспалы  кубогы,  медалімен  марапатталды. Гальченко Евгений қазақстан-герман фирмасы батыс-шығыс аймағы бойынша  өкіл - «Бёмер - Арматурен Казахстан» ЖШС  басшысы  естелік сыйлықтар табыс етті.

Волейбол бойынша «Мектеп  волейбол лига» қалалық жарыс жылсайын өткізіледі. Мақсаты - жас спортшыларды қолдау, салауатты өмір сүруді насихаттау, оқушыларды үнемі спорт, дене шынықтыру сабағына жаппай баулу.

Жарыс қорытындысы бойынша I орын алған 7 - 8 сыныптың  ұлдар және қыздар командасы 2018 жылы маусымда Баянауылда өтетін   облыстық  жарысқа  қатысады.