ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала білім беру мекемелерінде «Асық party» жобасы жүзеге асырылуда
09-11-2018 00:25
Қала білім беру мекемелерінде «Асық party» жобасы жүзеге асырылуда

   «Асық party» жобасы шеңберінде «Ертіс Медиа» ЖШС Павлодар қаласы № 1 мектебімен бірлесіп оқушыларға арнап «Асық party» ойының ұйымдастырды.
Бүгінгі күні асық ойынының 80 түрі бар. № 1 ЖОМ 5-ші сынып оқушылары «Асық ату» ойынының бір түрінен сайысқа қатысты.

   «Бүгін біз мектебімізде игілікті іс бастадық. Менің ойымша, ұлттық ойынның бұл түрі оқушылардың арасында кең ауқымын табады.Бұл бағытта барлық сыныптардың қатысуымен ауқымды жарыстар ұйымдастырылып өткізіледі, ата-аналар мен мектептің барлық ұжымы тартылады, болашақта жеңімпаз кубогы үшін жарыстар жақсы дәстүрге айналады.Мен біздің оқушыларымыз үздік ойыншыға айналатынына және асық ату бойынша қалалық турнирлерде өздерін лайықты көрсететініне сенімдімін», - дейді мектеп директоры Азамат Жанайдарович Сыздықов.

   Ойын қорытындысы бойынша салтанатты түрде мектеп директоры оқушыларға асық түріндегі ауыспалы кубокты табыс етті. «Асық party» жобасының авторы, «Ертіс Медиа» ЖШС директорының орынбасары Жұмабек Сманов қатысушыларға жобаны қолдағаны үшін мектеп директоры А. Ж. Сыздықовқа, мұғалімі Г. И. Рахимоваға алғыс хат және «Қойын дәптер» атты өз кітабын табыс етті.

  Бұл жобаның мақсаты-асық ойынына қоғамның назарын аудару және оны танымал ету үшін жағдай жасау.