ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Пән олимпиада жүлдегерлерінің ұстаздарын қала әкімінің марапаттау рәсімі туралы
25-01-2019 15:32

 

2019 жылы 29 қаңтарда сағат 15.00-де «Достық үйі» (1 Май көшесі, 35/1) мекенжайында оқушылардың облыстық олимпиада жүлдегерлері және жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдермен Павлодар қаласы әкімінің салтанатты кездесуі бойынша өтеді.
Кездесу мақсаты - оқыту тәсілдеріне өзгерістер және қызметтесуін ашуға,оқушылардың дамуын қолдауға өз үлесін қосқан, педагогикалық қызметі соңғы үш жылда басқаларға үлгі бола алатын ұстаздарды құттықтау.
«Балалардың жетістіктерінде ата-аналардың және оқытушылардың үлкен еңбегі бар. Оқушының жеңісі - бұл мұғалімнің де жеңісі. Оқушылардың білім алып дамуына мұғалім үлесін қосады. Мұғалімдерді қолдау және ынталандыру үшін, алдағы уақытта да осындай кездесу өткізіледі»,- деп айтты «Павлодар дарыны» орталығының басшысы Азамат Шаймұрат.
Құттықтау салтанатына қала мектебінің 16 директоры және жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары, 41 мұғалім шақырылды.
2018 - 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша зияткерлік жарыс жетістіктері үшін жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге Павлодар қаласы әкімінің сертификаты және алғыс хат тапсырылады. Кездесу Павлодар қаласы білім беру бөлімімен өткізіледі.


Павлодар қаласының білім беру бөлімі