Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2019 жылы 15 ақпанда № 16 мектеп-лицейінде «Оқушылардың зияткерлік, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамыту қабілеті ретінде оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру» қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинар мақсаты - мектептің ғылыми қоғамын ұйымдастыру және жоспарлауда әдістемелік,практикалық көмек көрсету,оқушылардың жобалық-зерттеу іскерлігін қалыптастыру бойынша № 16 мектеп-лицей жұмысының тиімді тәжірибесін көрсету. Мектеп-лицейдің ғылыми жұмысы бойынша оқушылармен практикасы дұрыс. 2018 жылы «Языкознание, русский язык» секциясында 10 сынып оқушысы Мельник София, оқушылардың ғылыми жобасының республикалық байқауында жеңімпаз атанды, жалпы білім беру пәндері бойынша (жетекші Казкенова Г. Е.), 2019 жылы «Экология» секциясында 5 сынып оқушысы Түсіпаева Айжан, «Зерде» шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары республикалық байқауында I орынға ие болды, өзін-өзі тану бойынша әлеуметтік жобалар облыстық байқауында 8 сынып оқушысы Фрик Дарья, 7 сынып оқушысы Павленко Ольга, 9 сынып оқушысы Клочкова София II орын алды (жетекшілері Левашова Т. В., Малоярова А. М.).
Семинарға мұғалімдер, әдістеме бірлестігінің жетекшісі,мектеп директорлары орынбасарлары қатарынан 46 адам қатысты. Семинар қатысушылары оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамыту мәселесі бойынша 4 инновациялық алаңда жұмыс істеді - қазақ тілі бойынша (Кабдракишева Айгүл Сабитқызы, Жұмабаева Әлия Сабитқызы), орыс тілі (Казкенова Гүлнар Еркінқызы), өзін-өзі тану (Левашова Татьяна Викторовна), биология (Чайковская Елена Леонидовна), модераторлар № 16 мектеп-лицейінің мұғалімдері сөйледі. Жұмыс тәжірибесімен алмасу, ұжымдық қызметтесу мәселесі бойынша мастер-класс, воркшоп, нетворкинг өткізілді. Алаң қатысушыларына ғылыми жобалармен жұмыс тәртібі, практикалық маңыздылығы және ғылыми жаңалық,зерттеу әдістемелері және нысаны, затты анықтау, болжам, міндет, мақсаттарды қалыптастыру тәсілдері көрсетілген. Чайковской Е. Л. нетворкинг жұмысына жаңартылған білім беру мазмұн жағдайында оқушылардың зерттеу іскерлігін қалыптастыру мәселесіне арналған диплом жұмысының тақырыбы,жалпы биология кафедрасы, Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің бітірушілер курсының студенттері қатысты. Семинар қатысушылары кіші-жобалармен өздері жұмыс істеу мүмкіншілігін алды,оларға жобамен жұмыс істеу кезінде ресурс және материалдарды пайдалану бойынша әдістемелік кепілдемелер берілді.