ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Өңірдің құстары туралы суреттерінің балалар көрмесі
12-04-2019 14:44
Өңірдің құстары туралы суреттерінің  балалар көрмесі

Павлодар қаласының Г. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Халықаралық құстар күніне арналған «Қанатты әлем» атты балалар суретінен көрме ашылды.

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары көрмеге 50 жұмыс ұсынды. Олар өздерінің суреттерінде өңірде мекендейтін құстардың көрінісін жеткізе білді. Өте әдемі де, қызықты жұмыстар шықты. Олар өздерінің шығармашылық көзқарасымен, балалық таза түйсігімен,   таңдалған түстердің ашықтығымен көрерменнің назарын аударады. Әрбір жұмыс өзінше ерекше, сондықтан да суреттерге қарай отырып балалардың берілген тақырыпқа деген көзқарасын қадағалауға болады. «Әр жұмыс өздігімен ерекше, және суреттер бойынша балалардың бұл тақырыпқа деген қарам-қатынасын білуге болады. Кейбір суреттер көңілді елжіретсе, басқалары әсерлендіреді, ал өзгелері таңдандырады. Менің ойымша, бұл суреттердің сиқыры да осында шығар» - дейді Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жаппай-экскурсия жұмысы бөлімінің жетекшісі Надежда Майба.

Көрмеге қатысқан оқушылардың барлығы мұражайдың алғыс хатымен марапатталды. Кескіндеме, графика, монотипия сияқты техникада орындалған үздік жұмыстарды орындаған  10 оқушымыз жүлдеге ие болды, ал 3 оқушы 1 жыл ішінде мұражайды тегін келіп көру сертификатын иеленді.