ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Экология бағыты бойынша республикалық форумның жүлдегерлері
14-06-2019 17:04
Экология бағыты бойынша республикалық форумның жүлдегерлері

    «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумында облыс командасын Ақсу қаласының, Ертіс ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 5 тәрбиеленушілері (№ 25, 30, 42, 37 (2) жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Форум 10 - 13 маусымда Қарағанды қаласында өтті.

     Форумға командалар «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика», «Жасыл оазистер» номинациялары бойынша жобаларды қорғады, сонымен қатар экологиялық шеберлік-сыныпқа, спорттық ойындарға, «Достар ортасында» атты кездесу кешіне, «Балалар - жердің тірі гүлдері» экологиялық акциясында - гүлзарларға бір жылдық гүл отырғызды, колледжге, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингіне көшпелі экскурсияға қатысты.

     Форум қорытындысы бойынша қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Экодизайнерлер арасындағы байқауда Павлодар қаласының экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Базарбаева Дильназ, № 25 ЖОМ оқушысы, Есенгелді Әйгерім, Рамазанова Анеля, № 37 ЖОМ оқушылары «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар республикалық форумның сертификаттарын, жетекшілері сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды.