ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Денсаулық апталығы» қалалық науқаны
04-09-2019 09:05
«Денсаулық апталығы» қалалық науқаны

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 3 қыркүйекте Павлодар қаласының № 41 ЖОМ-да «Денсаулық апталығы» қалалық науқанның 2-ші күні өтті. Мақсаты - жұқпалы емес, жұқпалы аурулардың алдын алу, тағамнан улану мен жаппай жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу және балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Акция өткізу бағдарламасы аясында мектепте бұл күні майтабандылықты алдын алу бойынша арнайы медициналық топ оқушыларының ата-аналарына арналған ашық сабақ өтті. 5 сынып оқушылары үшін түрлендірілген биология кабинетінде сандық зертхананың қолданылуымен «Жүрек жұмысы мен соғысына физикалық жүктемелердің әсері» атты сынып сағаты өткізілді. «Белая ладья» шахмат клубының 2 - 4 сынып оқушылары арасында жылдам шахматтан турнир өтті. 6 - 7 сынып оқушылары арасында футболдан, 7 - 8 сынып оқушылары арасында баскетболдан жарыстар өткізілді. 6 сынып оқушылары «Мен - чемпионмын» атты спорттық турниріне қатысты. Денсаулық аптасы барысында мектепте әр түрлі іс-шаралармен 1 - 4 сыныптардың 1553 оқушысы қамтылады.

         «Денсаулық апталығы» науқаны 2019 жылдың 2 - 6 қыркүйек аралығында қаланың барлық мектептерінде өтеді. Апта бойы «Денсаулық пошта жәшігіне» оқушылар медициналық қызметкерлер, білікті мамандар жауап беретін сұрақтар, ұсыныстар жібере алады. Мектеп кітапханаларында «Дені сау болу - бұл керемет»  атты тақырыптық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады, санитарлық бекеттер құрылады. Көрнекі материалдар (буклеттер, жадынамалар, ұсынымдар) ұсынумен медициналық қызметкерлердің сөз сөйлеуімен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы, «Егер денің сау болғың келсе...» атты сынып сағаттары, мектеп асханасындағы ашық есік күні (ата-аналар комитеті үшін), оқушылармен және олардың ата-аналарымен «Что едим, из того и состоим» тақырыбында әңгіме, «Темекі шегудің зияны туралы», «Кальянның ағзаға әсері» сауалнамасы өткізіледі. Балалар мен жасөспірімдер үшін «Қауіпті гаджеттер» тақырыбына диктант, «Денсаулық апталығы» немен пайдалы болды?» тақырыбына шығармалар, эссе өткізу жоспарлануда.

Мектептерде «Тазалық» рейдтері өткізіледі - оқушылардың сыртқы келбетін бағалау, кабинеттердің санитарлық жағдайын тексеру, таза ауадағы жаппай таңғы жаттығулар «Спортпен айналыс - бірінші бол!», ата-аналардың қатысуымен жалпы мектептік (мектепаралық) жарыстар, «Біздің отбасындағы спорт» атты суреттер байқауы өтеді.