ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алтыншы сынып оқушысының ұлы өнертабысқа алғашқы қадамдары
10-10-2019 15:08
Алтыншы сынып оқушысының ұлы өнертабысқа алғашқы қадамдары

«Ұлы өнертабысқа бірінші қадам» атты республикалық сайыстың облыстық турына жоғары оқу орындарының студенттері, колледж оқушылары, қала, аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Солардың қатарында № 11 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Дорохин Андрейде қатысты.

Қатысушылар 50-ден астам техникалық бағыттағы жобаларды ұсынды. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік тоғыз қатысушылардан облыстық команда құрастырылды. Облыстық команда құрамына І орынға ие болған Андрей Дорохин де  кірді. Республикалық сайыс қазан айында Талдықорған қаласында өтеді.

Облыстық сайыста Андрей  Firebox   жобасын жақтады. Робот жанып жатқан кез-келген уақытта жарылуы мүмкін болған әскері техниканы адамның араласуынсыз тез сөндіруге қолдануға болатынын  көрсетті. Андрей робототехника бойынша WRO-2019 республикалық сайыстың женімпазы. Жарысқа ол кітаптарды цифрландыруға арналған-қағаз кітаптарды электронды түрге айналдыру Scanbot жобасын ұсынды.Андрей баскетболмен шұғылданады және облыстық құрама командасы мүшесі. Екі жылдан бері «Сауран» аула клубына домбра үйірмесіне қатысады, 2016 жылы қалалық «Абай оқулықтары» сайысында ІІІ орынға ие болды.Андрей Дорохиннің жетекшісі № 11 орта мектебінің қалалық «2019 жыл мұғалімі» женімпазы, информатика пәнінің мұғалімі Рустем Талгатбекович Садыков.