ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Олимпиядалық резерв мектебінде сабақтың басталуы
14-10-2019 11:04
Олимпиядалық резерв мектебінде сабақтың басталуы

Оқушылардың  қалалық, облыстық  және  республикалық  олимпиадаларға қатысуға оқушылардың тиімді дайындығы, жалпы білім беру  пәндері бойынша теориялық білімін тереңдету, практикалық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында Павлодар қаласы  білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен олимпиядалық резервтің 2 мектебінде сабақ  басталды.

5 - 7 сынып оқушыларына арналған  «Жас ғалым» мектебі, 8 - 11 сынып оқушыларына арналған «Алтын сын» жоғарғы оқу орындарында және мектептерде сабақ 1 қазанда басталады және 1 маусымға дейін созылады. Мектептің оқушылар құрамы 2018 - 2019 оқу жылындағы математика, информатика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ тілі  және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, неміс тілі бойынша қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлер қатысушылары санынан және жаңа қор құрамынан құрастырылған. Сабақты ғылым кандидаттары, қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары өткізеді.