kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3060779
Бір айда311378
Бір аптада67799
Кеше5214
Тәулік4091
«Hackathon» форматындағы робототехника бойынша қалалық олимпиада
28-11-2019 09:36
«Hackathon» форматындағы робототехника бойынша қалалық олимпиада

Қалалық білім бөлімі және «Павлодар Дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде робототехника бойынша қалалық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты - робототехника саласындағы дарынды, талантты және креативті оқушыларды анықтау.

№ 25 мектептің құрама командасы 2019 жылдың 27 қарашасында «Hackathon» форматындағы робототехника бойынша қалалық жарыста жалпы командалық есепте бас жүлдені иеленді. Олимпиада 2 санат бойынша: «Қиындықтар арқылы сызықтан өту» және «Hackathon» өтті. Қатысушы командалары «Қиындықтар арқылы сызықтан өту» жарысында аз уақыттың ішінде максималды ұпай жинап, кедергілерден оңай өтіп, берілген жол бойынша мәреге дейін жететін автономды роботты құрастырып, қазылар алқасына таныстыра білді. «Hackathon» категориясында қатысушылар инженер ретінде шығармашылыққа еніп, белгілі бір уақыт ішінде мәселені бірлесе отыра шешіп, құрылғының қолданыстағы түпүлгісін жинады.

Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушыларынан құрылған команда бірінші орынға ие болды. Екінші орынды № 19, 26, 35 мектеп командалары өзара бөлісті, үшінші орынды № 1, К. Макпалеев атындағы ЖОМ, 5, 11, Кенжекөл ЖОМ иеленді. «Техноинтеллект» номинациясымен № 34 мектеп, «Жас робототехникшылар» - № 13 мектеп марапатталды. Олимпиадаға қаланың 35 мектебінен 140 оқушы қатысты.