kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3060779
Бір айда311378
Бір аптада67799
Кеше5214
Тәулік4091
«Жігер» клубының тәрбиеленушілері грэпплинг бойынша 10 медальді иеленді
28-11-2019 15:11
«Жігер» клубының тәрбиеленушілері грэпплинг бойынша 10 медальді иеленді

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында «AIGA» атты грэпплинг бойынша І-ші ашық облыстық чемпионаты өтті, ол 2019 жылдың 23 қарашасында басталды, Павлодар қаласына Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларының мықты палуандары жиналды, соның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Өркен» бөлімшесінің тәрбиеленушілері бар.

Чемпионат қорытындысы бойынша «Өркен» клубының тәрбиеленушілері, № 37 ЖОМ оқушылары, спортшыларымыз 3 алтын, 5 күміс, 2 қола медальді иеленді.

Алтын медальға ие болғандар Набиолла Алдияр 50 кг салмақ дәрежесінде 14 - 15 жастағы қатысушылар арасында, Рахметолла Нұржан 40 кг салмақ дәрежесінде 12 - 13 жастағы қатысушылардың арасында,  Сыздықов Ильхан 24 кг салмақ дәрежесінде 6 - 7 жастағы қатысушылардың арасында.

Күміс жүлдегерлері Төлеу Нұрғиса, 60 кг (16 - 17 жас), Молдахметов Бексұлтан, +65 кг (14 - 15 жас), Набиолла Алмаз, 26 кг (10 - 11 жас), Сыздықов Ислам, 30 кг (8 - 9 жас), Қанат Тамерлан, 27 кг (6 - 7 жас).

Қола жүлдегер атанғандар Кайргелды Дінмұхаммед, 45 кг (12 - 13 жас), Канатбай Санжар, 18 кг (4 - 5 жас).

Жаттықтырушы клуб педагогі Рщанов Алтынбек Серғалиұлы,  Павлодар облысының аралас жекпе-жек бойынша аға төрешісі,  халықаралық дәрежедегі төреші, ұлттық спорт түрі «Жекпе-жек» бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы.