ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері» атты семинар-практикум туралы
21-01-2020 10:59

2020 жылғы 24 қаңтарда сағат 8.30 - 13.00 аралығында Павлодар қаласының № 13 ЖОМ (Ломов көшесі,45/1) «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты семинар-практикум өтеді. Мақсаты - инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтардың жұмысын жетілдіру. Семинарға оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері, дефектологтар, психологтар, облыстың білім беру мекемелерінің инклюзивті білім беру басшылары мен мамандары қатысады.

Семинар бағдарламасы.

Инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерімен танысу: «Қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру, кедергісіз орта үшін жағдай жасау» (Нұрахметова Шолпан Сәменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері), «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру» (Айтбаева Сұлушаш Айкенқызы, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жетекшісі), «Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру» (Ашимбетова Роза Дүйсенқызы, Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының директоры), «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуындағы білім беру процесіне қатысушылардың эмоциялық интеллектінің маңызы» (Сәрсембаева Элла Юрьевна, п. ғ. к., Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жоғары педагогика мектебінің дефектология білім беру бағдарламасы кафедрасының аға оқытушысы), «Білім беру үдерісіне инклюзивті оқытуды енгізу ерекшеліктері» (Ахмедиева Ляззат Қайратқызы, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы), «Жалпы білім беру мектебінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау» (Камиева Сауле Мұратқызы, № 13 ЖОМ директоры).

4 секцияда жұмыс істеу: «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-педагогикалық жұмыстың қазіргі заманғы әдістері», «Инклюзивті білім берудің тиімді педагогикалық технологиялары», «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың сабақтан тыс қызметі» - №13 ЖОМ педагогтарының жұмыс тәжірибесімен танысу.

Семинардың практикалық бөлімі.

«Инклюзивті білім беру: теория, тәжірибе, тәжірибе» атты Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция және Щучинск қаласында өткен «Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларының, қала және облыс мектептері педагогтарының мастер-кластары. № 13 ЖОМ мұғалімдерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралары.

 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар беріледі.

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі