ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбындаға мектеп көрмесі
12-02-2020 17:49
«Қазақстан халқының материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбындаға мектеп көрмесі

     Павлодар қаласының № 5 мектебінің оқушылары Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымен оларға қолжетімді тілдерде қуана танысады.  Сонымен қатар, мектеп оқушыларының бір рет емес, үш рет экскурсияға: «Кладоискательство и нумизматика», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары», «Қазақстанның нумизматикасы» бару мүмкіндіктері болды.

2020 жылдың 12 ақпанында өткен көрменің ашылуына Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы А. З. Жомартова, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық болгар этномәдени бірлестігінің төрайымы В. Шатова, білім беру бөлімінің өкілдері, № 36, 23 мектеп оқушылары, № 3 гимназия-мектебінің оқушылары және педагогтар қатысты. 

Көрмеге Қазақстан, Ресей империясы, КСРО, Қазақстан Республикасының аумағында орта ғасыр елдерінің екі жүзге жуық түпнұсқа монеталары қойылды. Тарих мұғалімі Виктор Петрович Столяровтың коллекциясынан КСРО және Қазақстан Республикасының түрлі мемлекеттік наградаларымен планшеттер, Қазақстан, Павлодар облысы және Павлодар қаласына арналған фалеристік материалдары бар тақырыптық планшеттер (белгілер) қойылды. Сонымен қатар, іс-шара қонақтары үшін нумизматика, бонистика, фалеристика және басқа да қосымша тарихи пәндер бойынша арнайы әдебиеттің шағын көрмесі ұйымдастырылды.

Мектеп оқушылары арасынан экскурсоводтар көрме экспонаттары туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар ең белсенді және ел тарихын білетін іс-шараға қатысушыларға сыйлық бонустарын табыс етті. Көрме қаланың жалпы білім беретін мектептерінде де ұсынылады.