ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«BE A STAR» республикалық балалар конкурсының гран-приі
13-02-2020 09:38
«BE A STAR» республикалық балалар конкурсының гран-приі

2020 жылдың 8 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен «BE A STAR» («Жұлдыз атану») республикалық балалар көркемсурет байқауына Павлодар, Семей, Екібастұз қалаларының, Павлодар ауданының мектеп жасына дейінгі балалары мен жастары қатысты. Қатысушылар 36 нөмір көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 6 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Масалимова Амина (5 жаста), «Эстрадалық вокал. Соло» номинациясы бойынша гран-при алды. Ол «Туған жер» әнін Бота Бейсенованың сөзі мен музыкасына орындады. Амина кішкентай кезінен ән айтуды ұнатады, вокалмен 3 жасынан бастап айналысады, жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Татьяна Сергеевна Ловяг және балабақшаның музыкалық жетекшісі Бақыт Мансұрқызы Нұрғалиева. Ол Нұр - Сұлтан қаласында өткен республикалық «ASSEL PRODUCTION» байқауының (2019 жыл), Павлодар қаласында өткен халықаралық «LSSEL PRODUCTION» байқауының (2018 жыл) І дәрежелі лауреаты. Амина болашақта сахнада өнер көрсететініне сенімді.

Жетекшісі Бақыт Мансұрқызы Нұрғалиева байқауға қатысушыларды дайындауда жоғары кәсібилігі үшін медальмен және алғыс хатпен марапатталды.

Бауыржан Камила (6 жаста), Мұқажанова Еркежан (6 жаста), музыкасы С. Молдасанұлынікі және Ф. Лұқпанованың сөзіне жазылған «Балаға тілегі» әні үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олармен балабақшаның музыкалық жетекшісі Айым Қайыркелдіқызы Омарова айналысады.