ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық би бойынша қала турнирінің жүлдегерлері
25-06-2020 10:09
Спорттық би бойынша қала турнирінің жүлдегерлері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының «Бірлік», «Балшуақ»  клубтарының 6 - 17 жас аралығындағы 30-дан астам тәрбиеленушілері муай тай бойынша «Вай Кру» дәстүрлі биін үздік орындаудағы қалалық онлайн турнирге қатысты. Онлайн турнирдің жеңімпаздарымен жүлдегерлері 15 қатысушы болды, оныңішінде I орын - 4 оқушы, II орын - 6, III орын - 5.

   6 - 7 жас аралығында І орынды № 26 мектептің 1 сынып оқушысы Максутов Надир иеленді. Клубта 6 жастан бастап айналысады. Осы аралықта облыстық жарыстарда, қала біріншілігінде (2019 жыл) II орын алды, 2020 жылы онлайн режимінде берпи жаттығулары бойынша III орын алды. Спорттық машиналарға қызығушылық танытады, конструкторды жинағанды, сурет салғанды ұнатады.

   I орынды 8 - 9 жас аралығында Фатхутдинова Наиля иеленді, № 2 мектептің 1 сынып оқушысы 7 жастан бастап клубта шұғылданады. Осы кезеңде үш рет муай тай бойынша қалалық турнирлердің жеңімпазы атанды, 2020 жылы онлайн режимінде берпи жаттығулары бойынша I орын алды. Сурет салумен айналысады, конструкторды жинауды ұнатады. Жанат Данияр, №36 мектептің 4 сынып оқушысы клубта 8 жастан бастап айналысады. Ол муай тайдан қалалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2019 жыл). Сурет пен бейне ойындармен айналысады.

   I орынды 10 - 11 жас аралығында № 14 мектептің 5 сынып оқушысы Паноян Давид иеленді, клубта 7 жастан бастап шұғылданады. Ол Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, Омбы қаласында өткен тай бокстан халықаралық турнирдің жеңімпазы (2017 жыл), Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2019 жыл). Велосипедпен, трюк жасайтын самокатпен, жүзумен және футболмен айналысуды ұнатады.

 Тәрбиеленушілердің жаттықтырушылары «Балшуақ» клубының педагогі Фатхутдинов Дамир Равильевич, муай тайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, облыс жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, БАӘ Абу-Дабиде өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Ракишев Жандос Сейткенұлы, «Бірлік» клубының педагогі, спорт шеберіне үміткер.