ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дәрігерлердің пандемиямен күресінің бала көзімен көрінісі
10-09-2020 09:26
Дәрігерлердің пандемиямен күресінің бала көзімен көрінісі

Павлодар қаласының № 24 сәбилер бақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Луб Вероника, 5 жаста, «Адамзат сақшылары» атты республикалық онлайн суреттер конкурсының «Сурет» номинациясында I орынға ие болды. Конкурсты «Mangilik el qastary» қоғамдық қоры ұйымдастырды және пандемиямен күреске қатысқан барлық адамдарға арналды.

Ылғал параққа сурет салу әдісі арқылы гуашьпен салынған «Ештеңеден қорықпайтын дәрігерлерге рахмет» суретінде Вероника дәрігерлердің пандемия вирусымен күресін және науқастарды вирустан қалай құтқаруға болатындығын өз көзқарасымен көрсетті. Ол мейірімді де қайырымды бала, барлық шығармашылық конкурстарға үлкен ықыласпен қатысады, М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Ладошки» бейнелеу студиясына барып жүр. «Тәрбиешінің осы конкурсқа қатысу туралы ұсынысын мен үлкен ықыласпен қабыл алдым, өйткені балалардың атынан осы қорқынышты аурумен күресуге көмектескен барлық адамдарға алғысымды білдіргім келді», - дейді Вероника.

Конкурстың қорытындысы бойынша Вероника дипломмен, оның тәрбиешісі Дорн Елена Алексеевна өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше жауапты қарым-қатынасы үшін алғыс хатпен марапатталды.