ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар балаларының пейзаж суреттемелері
09-10-2020 17:28
Павлодар балаларының пейзаж суреттемелері

2020 жылдың сәуір айында  Беларусияда өткен XV халықаралық кескіндеме және графика байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 51 оқушысы 51 жұмыс ұсынды. Байқау шарттары бойынша «Егін» тақырыбы болды. Байқау қорытындысы бойынша қазан айында мектептің 6 оқушысы жеңімпаз атанды.

Пастельмен боялған «Жемісті хош иіс» жұмысы үшін байқау лауреатының дипломымен 10 жастағы Павел Береснев марапатталды. Оның айтуы бойынша: «Мұндай жоғары марапатты алғаш рет алдым және бұған өте қуаныштымын. Мен табиғатты әдемі пейзаждармен бояғанды және бояғышта бір түстің әр  реңктерін таңдағанды ұнатамын».

          Байқау дипломымен Амелия Звягина,6 жаста, аралас техникада орындаған  «Күзгі дайындықтар» және Артем Розов, 7 жаста, гуашьпен боялған «Ақылды кірпі» жұмысы үшін марапатталды. Олардың ұстазы Лариса Борисовна  Илларионова байқаудың барлық 3 дипломанты шын мәнінде дарынды балалар екенін, олар мектепте 4 жастан бастап өнермен шұғылданып  жүргенін және әртүрлі деңгейдегі байқауларың бірнеше мәрте жүлдегерлері болып табылатынын атап өтті. 2019 жылы Павел Нұр-сұлтан қаласында өткен «Өз жерінде» кескіндеме және графика халықаралық байқауының жүлдегері атанды, Амелия 2018 жылы Словакияда өткен «Пастельки» және «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» 2019 жылы Алматыда ЮНЕСКО-ның қолдауымен  өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. 

         Сондай-ақ, гуашьпен орындалған «Мен бахчадамын» жұмысы үшін Азиза Алпамысқызы, 7 жаста, жетекшісі Гүлнар Мерғалымқызы Мұхаметқалина, «Қарбыз» жұмысы үшін Амина Белгибаева, 7 жаста, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, және  Саида Хамитова, 7 жаста, «Әуесқой торғайлар» жұмысы үшін, жетекшісі  Лариса Алексеевна Кузнецова байқаудың дипломанттары болып  атанды.