ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодардың жас вокалисті халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды
15-10-2020 11:38
Павлодардың жас вокалисті халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Рахым Інжу «Grand bravo» халықаралық көпжанрлы байқау-фестивалінің гран-при дипломы мен жеңімпаз кубогының иегері атанды. Петропавл, Көкшетау, Семей, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан 56 бала қатысты. Байқау 2020 жылдың қазан айында Павлодар қаласында өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Pavlodar music studio» шығармашылық студиясы болды.

Інжу байқауда Қарақат Әбілдинаның «Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден» әнін орындады. 4 жасынан бастап ән айтады, Павлодар қаласының «Pavlodar music studio» шығармашылық студиясында кәсіби түрде айналысады, вокал бойынша жетекшісі Теміржанова Гүлжан Өтегенқызы. Ол Семей қаласындағы «Сенің сағатың», «Мега жұлдыз» халықаралық байқауларында гран-при иегері (2019 жыл), Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бала жұлдыз» халықаралық байқауының лауреаты (2020 жыл) атанды.

Інжу әрқашан мектеп пен сынып өміріне белсенді қатысады. Барлық спорттық, зияткерлік және шығармашылық іс-шараларда өзін көрсете біледі. Жалпы мектептік оқуларда бірінші орын алды, көшбасшылық қабілеттерге ие, көпшіл, өзіне сенімді, - дейді оның мұғалімі Алмагүл Ыдырысова.

Ол 5 жасынан бастап «Классик» спорт клубында спорттық-бал билерімен айналысады. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bayterek Winter Cup-2020» халықаралық турнирінде би серіктесі Нұрасыл Қанат екеуі жасөспірімдер арасында бірінші орынға ие болып, 4 алтын медаль, 2 кубок алып келді. Турнирге Ресей, Эстония, Өзбекстанның балалары қатысты. Жарысқа барлығы 649 жұп қатысты. Оның би жетекшісі-спорттық би бойынша облыстың аға жаттықтырушы Алексей Верига.