«Жаңа жылда — жылулық пен ізгі тілектер!»
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық, береке, молшылық әкелсін. Отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен табыс тілейміз. Балаларыңыз әрдайым қуаныш сыйлап, жетістіктерге жете берсін! Жаңа жыл құтты болсын!
