«Джунгли шақырады» спорттық шара.
Балабақшада каникул кезінде «Джунгли шақырады» спорттық шара өтті. Ұлдар мен қыздар басынан бастап өзінің жігер -күшін көрсетті. Спорттық жалын және өз командасының жеңісін ойлаған балалар айналасында не боп жатқанын да білмей қалған. Сөреге дейін бірінші келуге әрқайсысы талпынды. Ал залда күлкі де, у-шу да болды. Бұл жарыс спорттың, денсаулықтың нағыз мерекесі болды. Балалар жеңіске жету үшін тек күшінің болғаны жеткілікті емесіне көзі жетті. Бұл үшін ерік-күшті, епті, тапқыр болу керек. Спорттық мерекенің атмосферасы көңілді болса да қауырт болды, себебі ең мықты төрт команда күресті, ал жеңіске біреуі ғана жету керек еді.