Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Адя Замальк кітабын жас суретшілердің бейнелеуі.
13-01-2021 16:06
Адя Замальк кітабын жас суретшілердің бейнелеуі.

        Павлодар қ. балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Адя Замальктың "Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу: екі жүректің махаббаты" пьесасына ежелгі қазақ халық аңыздарының желісі бойынша суреттер салды. Пьесада аты аңызға айналған екі кейіпкер - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың қайғылы махаббаты суреттеледі.

        Алиса Плахотнюк, 13 жаста, Ангелина Полянцева, 13 жаста, Анна Лаптева, 13 жаста, Нұрдана Айкенжеева, 15 жаста, ұстазы-Рейн Светлана Евгеньевна, Илана Мусина,13 жаста, мұғалімі-Дистель Елена Ивановна, сияқты оқушылар жұмыстары аралас техникада, акварельде, гуашьпен орындалды.Жұмыстардың авторлары түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың бірнеше мәрте қатысушылары және жеңімпаздары.Ангелина-ЮНЕСКО-ның «The Planet of Art» қамқорлығымен өткен халықаралық фестивальдің (Алматы қ., 2020ж.), «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» жобасының (Алматы қ., 2020ж.), «Абайдың Қара сөздері» республикалық балалар сурет байқауының жеңімпазы (Алматы қ., 2020ж.),Анна "Шексіз балалық шақ" халықаралық фестивалінде үшінші дәрежелі лауреат атанды (Мәскеу қ., 2019 ж.),Илана - "Туған жерім" XV Халықаралық балалар суреті байқауының қатысушысы (Нұр-сұлтан қ., 2020ж.).

           Кітаптарды суреттеу –бұл мектеп оқушылары үшін жаңа емес, өйткені Павлодарлық ақындардың өтініші бойынша олар бірнеше рет сурет керек болды. Балалар өлеңдер, ертегілер мен әңгімелер негізінде сурет салуды өте жақсы көреді. Олар үшін бұл баға жетпес тәжірибе.