2021 жылдың 12 ақпанында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп zoom платформасында«Біздің айналамыздағы экология»атты облыстық онлайн вебинар өткізді. "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және экология жылы аясында Павлодар облысының облыстық білім басқармасының бастамасымен жаңа экологиялық жоба басталады, оған облыстың барлық білім беру ұйымдары ат салысатын болады.
Жобаның мақсаты:
- өскелең ұрпақты елдің, аймақтың, өзі тұратын жердің экологиялық проблемаларына тарту", қоршаған ортағанемқұрайлы қарамайтын қарым-қатынасты қалыптастыру, балаларға жер-бұл сенің үйің, қайда барсаң да, оны қорғау керек деген сезімдерін ояту, және ауылдың, қаланың, елдің, жердің таза экологиясы сенен басталатынын, яғни әрқайсымызданбасталатынын айтып түсіндіру.
Аталған іс-шараға облыстық оқу орындарының 80-нен астам ұстаздары мен оқушылары қатысты. Өңіріміздің экология мәселелері және оларды оқушылар мен ересектер тұрғысынан одан әрі шешу жолдары талқыланды.
Балалар-жасөспірімдер орталығының "Экология" бөлімінің меңгерушісі Бақыт Қапасқызы Текенова балалар үшін экология туралы әңгімелеп, орталық мұражайда қызықты онлайн-экскурсия өткізді, сондай-ақ балаларды викторина ойынына тартты.