Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалық шақтың жарқын түстері
20-05-2021 10:26
Балалық шақтың жарқын түстері

2021 жылдың мамыр айында Павлодар облысы білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар көркемсурет мектебі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар облысының көркемөнер мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары арасында акварельді кескіндеме бойынша облыстық байқау ұйымдастырып, оны өткізді. Байқаудың тақырыбы: «Балалық шақтың жарқын түстері». Онда балалардың сүйікті іс-әрекеттері, ойындары, ойын-сауықтары, арқаулары, балалардың достығы, ата-аналармен, жануарлармен қарым-қатынас қуанышы және басқа да балалық шақпен байланысты көңілді желілері бейнеленген. Байқаудың мақсаты: облыс оқушыларының шығармашылық әлеуетін, академиялық акварель кескіндеме техникасындағы кәсіби шеберлік деңгейін анықтау.

Байқауға 5 оқу орны қатысты: Железин ауданының балалар өнер мектебі, Ақтоғай ауданының балалар өнер мектебі, Ақсу қаласының балалар өнер мектебі, Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебі, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі.

Байқауға барлығы 5 оқу орнынан 63 жұмысы қатысты, олар: Железин ауданының балалар өнер мектебі, Ақтоғай ауданының балалар өнер мектебі, Ақсу қаласының балалар өнер мектебі, Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебі, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі.

Қазақстан Республикасы суретшілерінің мүшесі, Қазақстан Республикасы көркемөнер Академиясының академигі Осербай Аманжолович Шурановтың төрағалығымен қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

1 орынды Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Анель Садыкова «Мамыр жауыны» жұмысы үшін иеленді, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова.

2 орын – 15 жастағы Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің оқушысы Алина Хохлова «Қуаныш» жұмысы үшін жеңіп алды, жетекшісі Жанна Жастлековна Ошмарина.

3 орын "Балалық шағымның ертегі ұйқысы" атты жұмысы үшін Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің 13 жастағы оқушысы Данияға Алмяшева берілді, жетекшісі Айсұлу Қайнарқызы Омарова.

Қазылар алқасы 10 оқушыны ынталандыру дипломдарымен марапаттады:

1. Валерий Безверхов, 15 жаста, Ақтоғай өнер мектебінің оқушысы, «Ауылдағы балалық шақ» жұмысы үшін, жетекшісі Елена Юрьевна Борисовская.

2. Жанель Ибраева, 11 жаста, Железин ауданының балалар өнер мектебінің оқушысы, «Жазғы самал» жұмысы үшін, жетекшісі Татьяна Геннадьевна Бадеева.

3. Алина Свистунов, 12 жаста, Ақтоғай Балалар өнер мектебінің оқушысы, «Желге қарсы» жұмысы үшін, жетекшісі Елена Юрьевна Борисовская.

4. Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Әділ Қабдуовқа, 13 жас, «Бала құрбым» жұмысы үшін, жетекшісі Айдана Ардаковна Абылкасова.

5. Меруерт Болатбаева, 12 жаста, Железин ауданы балалар өнер мектебінің оқушысы, "Күтпеген олжа" жұмысы үшін, жетекшісі Татьяна Геннадьевна Бадеева.

6. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Евгения Балина, 13 жаста, «Шырынды қарбыз», Герасименко София, 12 жаста, «Бақбақ» жұмыстары үшін, жетекшісі Наталия Владимировна Решетова.

7. София Белоусов, 17 жаста, Ақсу қаласының Балалар өнер мектебінің оқушысы, «Қуаныш» жұмысы үшін, жетекшісі Светлана Михайловна Ольховская.

8. Елизавета Веселова, 14 жаста, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, «Мұз айдынында» жұмысы үшін, жетекшісі Владимир Иванович Ефремов.

9. Азиза Бауыржан, 14 жаста, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, «Орманда серуендеу» жұмысы үшін, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.

- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары академизммен және сурет техникасының тереңдігімен ерекшеленеді, бұл акварельді бояуды игеру үшін өте маңызды - дейді қазылар алқасының мүшесі, акварель суретшісі Светлана Владимировна Кравченко.