Балаларға арналған жазғы шеберлік сабақтары
![Балаларға арналған жазғы шеберлік сабақтары](/media/img/blogs/62f48f59038e7.jpeg)
Қаладағы балалардың бос уақытын қызықты өткізу мақсатында Оқушылар сарайының ауласында қосымша білім беру ұйымдары әр түрлі шығармашылықтар бойынша «Шығармашылық қолөнер жәрмеңкесін» шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінде сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, ұстаз Оксана Валерьевна Сидоренко кескіндемеден шеберлік сабағын өткізді. Үлкен қызығушылықпен балалар бейнелеу өнерінде өздерін сынап көрді.