Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Мұғалімдер мен педагогтар бейнелеу өнерін оқытудың қыр сырын семинарда талқылады
30-01-2023 11:34
Мұғалімдер мен педагогтар бейнелеу өнерін оқытудың қыр сырын семинарда талқылады

Мұғалімдер мен педагогтар бейнелеу өнерін оқытудың қыр сырын семинарда талқылады

 

 

Мұғалімдер мен бейнелеу өнерінің педагогтарына арналған семинар

 

 

       27 қаңтарда Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубында бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтарына арналған «Оқушылардың шығармашылық дамуының тиімділігін арттыруда инновациялық бейнелеу әдістерін қолдану» атты семинар өтті. Семинарға қаланың 30-дан астам ұстаздары жиналды.

        Семинар барысында көркемсурет мектебінің педагогтары бірқатар шеберлік сабақтарын көрсетті, ал директордың оқу жөніндегі орынбасары Инна Владиславовна Масленникова «Оқушылардың шығармашылық дамуының тиімділігін арттыру үшін бейнелеу өнерін оқытуда әртүрлі әдістерді қолданудың рөлі» баяндамасын оқыды.

       Дамир Серикович Смыков пен Александра Станиславовна Ловина–Самошкина мүсін техникасындағы балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті: қатысушы әріптестер «Сәнді балық» және «Шам» кәдесыйларын саздан жасауға машықтанды.Алтын Ибраевна Атеева «Суық батик техникасындағы ұлттық өрнектер» сәндік-қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабағын өткізді, осы техника мен балалармен жұмыс істеу әдістемесіндегі жұмыстың барлық қыр-сырымен бөлісті.

      Қосымша білім беру педагогы Евгения Валерьевна Рыжкова пастель техникасында өте қызықты шеберлік сабағын өткізуге батылдық танытты-мұғалімдермен «Пастельді кескіндеме. Құстың бейнесі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Мұғалімдер мен педагогтар оқушылар рөлінде болып, шығармашылықпен сүйсіне айналысты.

      Семинар соңында Павлодар қаласы білім бөлімінің модератор-әдіскері Раушан Аскарбековна Мусажанова мен  педагогика ғылымдарының сарапшы –кандидаты Татьяна Николаевна Фомина бастаған дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында семинардың қорытындысы шығарылды, мұндай танымдық шеберлік сабақтары өте маңызды, сонымен қатар бейнелеу өнерін оқытудағы тәжірибемен бөлісу де маңызды деп танылды.