Жас суретшілердің «Менің жерім – менің елім» республикалық қашықтықтан байқауы 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы өткізді.
Байқау «Балалық шақ әлемі», «Мен білетін Қазақстан», «Менің арманым», «Туған өлкенің табиғаты» номинациялары бойынша 3 жас санатында өткізілді: 1) 7-10 жас, 2)11-14 жас, 3)15-17 жас.
Байқауда мектептің 5 оқушысы жеңімпаз атанды: Фарида Абдиева, 11 жаста, «Велосипедпен жүру» жұмысы үшін, жетекшісі Екатерина Александровна Одарчук, Мерей Амангелді, 12 жаста, «Жаңбыр серуендеуге кедергі емес» жұмысы үшін, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Элина Литвиненко, 11 жаста, «Баянауылда» жұмысы үшін, жетекшісі А.В.Аткина, Аружан Сарбасова, 14 жаста, «Туған жерлер» жұмысымен, жетекшісі Шамиль Рахымбекович Шушаев, Александра Шароварова, 14 жаста, «Пикник» жұмысы үшін, жетекшісі Наталья Владимировна Решетова.
Мектептің 10 жас суретшісі байқаудың жүлдегерлері болды: 2 орынды Саида Сагындыкова, 13 жаста, Арина Хасанова, 12 жаста, Софья Герасименко, 13 жаста, Эльмира Димисинова, 15 жаста, Дарья Лозбина, 12 жаста, Каролина Прокашева, 12 жаста, София Узденская, 12 жаста, Дарья Федотова, 13 жаста, Елизавета Шишкина, 12 жаста, Эвелина Сивак, 14 жаста, 3 орын- Мария Соколова, 12 жаста.
«Барлық жұмыстар әр түрлі кескіндеме және графика техникасында орындалған. Біздің оқушылар жұмыстардың жарқын түстерімен және айқындығымен, сондай-ақ композициялық шешімнің сюжеттерін жеткізудегі мағыналылығымен ерекшеленді», - дейді көркемсурет мектебінің оқушыларының жетістігі туралы оқу ісінің меңгерушісі Инна Владиславовна Масленникова.