Халықаралық ынтымақтастық және ұлттық Наурыз мерекесін мерекелеу аясында 2023 жылғы 19 наурызда Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Омбы қаласының № 20 Балалар өнер мектебінің қатысуымен Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің сәндік-қолданбалы өнер жұмыстарының бірлескен көрмесі ашылды.
«Қазақ халқының жан дүниесінің ою-өрнегі» халықаралық көрмесі, Омбы қаласының "Мөлдір" Сібір қазақ мәдениеті орталығымен Омбы қаласының "Сібір" өңіраралық ұлттық мәдени-спорттық бірлестігінің Достық үйінде ұйымдастырды.
«Қазақ халқының жан дүниесінің ою-өрнегі» көрмесіне Павлодар қ. Көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 11-16 жас аралығындағы оқушыларының 50-ден астам жұмыстары ұсынылды.
Омбы өнер мектебінің оқушылары керамика мен ағаштан жасалған жұмыстарын көрсетті.