Бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтарына арналған қалалық семинар
2024 жылғы 26 қаңтарда Павлодар қ. білім бөлімінің Балалар көркемсурет мектебінде бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтарына арналған «Сәндік-қолданбалы өнер, балалардың шығармашылық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі ретінде» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға 50 адам қатысты. Пленарлық бөлімде 4 педагог сөз сөйледі: «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК-ның педагогы Магзамова Ляйля Мукарамовна «О творческой деятельности в детской изостудии» («Балалар изостудиясындағы шығармашылық қызметі туралы») баяндамасымен, «Жігер» БЖК-ның педагогы Серенькова Анастасия Николаевна «Современные направления в изобразительном искусстве» («Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар) баяндамасымен, «Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК-ның педагогы Даутов Батыр Маратович “О стилизации в изобразительном искусстве» («Бейнелеу өнеріндегі стильдендіру») баяндамасымен, «Балалар техникалық мектеб» ММ-ның педагогы Макеева Фарида Токтарбековна «Шебер қолдар» үйірмесінде ерекше білім беру қажеттіктері бар баланың шығармашылдық кабілеттерін арттыру» баяндамасымен.
Балалар көркемсурет мектебінің педагогтары Батмаева Дария Карангуровна, Шайкенова Жанар Ержановна, Жамиш Олжас Жумабайулы «Птичка. Бумажная пластика. Картон, роспись на картоне» («Құс. Қағаз пластикасы. Картон, картонға жазу»), «Насекомые. Бумажная пластика» («Жәндіктер. Қағаз пластикасы»), «Кружечка. Гончарное искусство» («Саптыаяқ. Қыш өнері»). «Балалар техникалық мектебі» КММ-ның педагогы «Бантик для волос в стиле канзаши» («Канзаши стиліндегі шашқа арналған бантик») тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.