Балалар көркемсурет мектебі 22 наурызда мерекелік іс - шараға мектеп педагогтарының шығармашылық жұмыстарының көрме-сатылымын ұсынды, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық сәндік жұмыстарынан киіз кілем қойды.
Ұсынылған жұмыстардың ішінде Наталья Владимировна Решетованың, Лариса Алексеевна Кузнецованың Алтын Ибраевна Кисамиденованың қала пейзаждары, Нұрлан Мұхамеджанұлы Дәуренбековтың Баянауыл пейзаждары, Олжас Жұмабайұлы Жәміштің күйіктастан жасалған кәдесыйлары, Бауыржан Мұратұлы Рахметовтың, Батыр Маратұлы Даутовтың, Валентина Петровна Степанко мен Татьяна Васильевна Ахметжанованың, Анна Валерьевна Аткинаның, Шамиль Ракымбекович Шушаевтың кәдесыйлары, Андрей Петрович Солоденконың оқушылары батиктен жасаған мойынорағыштары, Айдана Ардаковна Мергалиеваның қобдишасы болды.