Наурыздың алғашқы күні БКСМ-де өтті

Наурыздың 4-і күні №25 жалпы орта білім беру мектебінде Наурыз мейрамының бірінші күніне арналған «Көрісу күні» атты мерекелік іс-шараға Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары қатысты, онда: БКСМ, №25 ЖОББМ, М.Әуезов ат. ЖОББМ-і өкілдерінің басқосуы өтті.
Ата-бабаларымыз-қазақтар ұзақ қыстан кейін осы күні бас қосып, бір-бірін ұзақ қыстың сәтті аяқталуымен құттықтап, ағайын-туыс, жора-жолдас, көрші-қолаңның денсаулығы мен игі істері туралы білісіп, келер жаңа жылда бір-біріне жақсылық тіледі. Дәл осылай біздің де әріптестеріміз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының алғашқы күні қазақтың дастарханында бас қосып, бір-бірін жақсы көңіл-күймен қуантып, шығармашылықтарымен бөлісіп қайтты.
Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, графика техникаларында ұлттық салт-дәстүрлер туралы әдемі шығармашылық жұмыстар жасап, №25 жалпы орта білім беру мектебінде көрме ұйымдастырды.
Баршаңызға мереке құтты болсын! Әрқашан бейбітшілік, көктем, береке-бірлік пен ынтымақтастық болсын!