Қала оқушыларының Ұлы Жеңіс туралы салған суреттері
2025 жылдың 18 сәуірінде Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Балалар көркемсурет мектебі «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу тобымен бірлесіп Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «Ұлы Жеңіс аспанының астында» қалалық балалар бейнелеу өнерінің конкурсын өткізді. Конкурсқа 25 білім беру мекемесінен 135 бала қатысты: «Жігер» БЖК, №17 ЖОМ; №41 ЖОМ; №18 ЖОМ; IQ білім беру және дамыту орталығы; №39 ЖОМ; №43 ЖОМ; №7 ЖОМ; Торайғыров ат. ЖОМ; №46 ЖОМ; Кенжекөл ЖОМ; А.Байтұрсынұлы ат. ИҮЖОМ; №27 ЖОМ; №11 ЖОМ; №33 ЖОМ; Ш.Шөкин ат. ЖОБГ; №14 ЖОМ; №30 ЖОМ; Б.Момышұлы ат. ЖОМ; №40 ЖОМ; №29 ЖОМ; №24 ЖОМ; М.Әуезов ат. ЖОМ; Павлодар қ. БКСМ; «Алтай – Павлодар» оқу орталығынан.
Қазылар алқасы жұмыстарды ЖОББМ, БКСМ, БӨМ, балалар орталықтарының оқушылары арасында 9 -10 жасқа дейін, 11 - 12 жасқа дейін, 13 - 16 жасқа дейінгі 3 жас категориясы бойынша қарастырып 1, 2, 3 дәрежелі 18 жеңімпаз анықтады.
9 жастан 10 жасқа дейін
1-дәрежелі дипломмен 9 жастағы №27 ЖОМ-нің оқушысы Мария Елохина гуашь техникасында орындаған «Уақыт» атты жұмысы үшін және Павлодар қ. БКСМ-нің оқушысы Глеб Небогатов, 9 жаста, гуашьпен салған «Жеңіс күні»жұмысы үшін марапатталды.
2-дәрежелі дипломмен аралас техникада орындаған «Соғыс және бейбітшілік» жұмысымен А.Байтұрсынұлы ат. ИҮЖОМ-нің оқушысы Диляра Ғабдрахимова, 9 жаста, және «Жігер» БЖК-ның оқушысы София Евтодиенко, 9 жаста, «Жеңіс натюрморты», пастель, жұмысы үшін марапатталды.
3-дәрежелі дипломмен «Еліміздің заманауи қорғаушысы» аралас техникада салған жұмысы үшін А.Байтұрсынұлы ат. ИҮЖОМ-нің оқушысы, 9 жасар Олейник Арина және гуашьпен салған «Жеңіс», жұмысы үшін «Алтай - Павлодар» оқу орталығының оқушысы Булатова Амина, 10 жаста, марапатталды, жетекшісі София Асқаровна.
11 жастан 12 жасқа дейін
1-дәрежелі дипломмен №14 ЖОМ-нің оқушысы 12 жасар Карина Кромер аралас техникада орындаған «Медбике» жұмысы үшін және 12 жастағы БКСМ-нің оқушысы Руслана Смағұлова «Жеңіс шеруі», гуашь, жұмысы үшін марапатталды.
2-дәрежелі дипломмен «Гул ұстаған ардагерлер» жұмысы үшін 12 жасар Владимир Семенихин, акварель, №43 ЖОМ-нің оқушысы және 11 жастағы БКСМ-нің оқушысы Вероника Райле, «Тырналардың ұшуы», гуашь,жұмысымен марапатталды.
3-дәрежелі дипломмен 12 жастағы Ш. Шөкин ат. ЖОББМГ оқушысы Инесса Арышева «Жолаяқ» атты жұмысы үшін және БКСМ-нің оқушысы 11 жастағы Олег Лазарев «Аялдамада», гуашь, жұмысы үшін марапатталды.
13 жастан 16 жасқа дейін
1-дәрежелі дипломмен 13 жастағы №46 ЖОМ-нің оқушысы Зейнеп Бейімбетова «Майданнан хат» аралас техникадағы жұмысымен және БКСМ-нің оқушысы Амина Зикенова, 14 жаста, «Мәншүк пен Әлия – Қазақстанның батырлары», гуашь, жұмысы үшін марапатқа ие болды.
2-дәрежелі дипломмен графика техникасында орындаған «Жеңіс біздің жүрегімізде» жұмысы үшін 13 жастағы Кристина Черняк, №39 ЖОМ-нің оқушысы және БКСМ-нің оқушысы 14 жастағы Қызғалдақ Тоқтар «Соғыс», графика, марапатталды.
3-дәрежелі дипломмен БКСМ-нің оқушысы 13 жастағы Елизавета Бочалова «Бостандық» жұмысымен, акварель, және «Жеңіс күні» жұмысы үшін 15 жаста Арина Бигимова, графика, № 40 ЖОМ-нің оқушысы.

