Республикалық “Бояулар құпиясы” жас суретшілер конкурсы
21–25 қыркүйек аралығында Павлодар облысының жас суретшілер командасы Алматы қаласында өткен республикалық “Бояулар құпиясы” жас суретшілер конкурсына қатысты. Команда құрамында келесі оқушылар болды: Каппасова Алуа (Ақтоғай ауылы), Заркеш Имран (Баянауыл ауылы), Абенова Милена (Ақсу қаласы), Кубекова Милана, Ахмет Жазира (Павлодар қаласы), Демченко Эвелина (Екібастұз қаласы).
Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, өз суреттерін республикалық байқаудың қазылар алқасына ұсынды. Конкурс жеңімпаздарының қатарынан Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Ахмет Жазира жүлделі 3-орынға ие болды (жетекшісі — Мерғалиева А. А.).
