Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Мен әлемді бейнелеймін» балалар суреттері байқауының нәтижелері
27-02-2026 14:46
«Мен әлемді бейнелеймін» балалар суреттері байқауының нәтижелері

         2026 жылғы 27 ақпанда Республикалық «Адал азамат» бағдарламасы аясында өткізілген қалалық «Мен әлемді бейнелеймін» балалар сурет байқауының қорытындылары шығарылды. Байқауға балабақша тәрбиеленушілерінің 600 жұмысы ат салысты. Жұмыстар 2 номинация бойынша 3 жас санатында қаралды: 4 жас, 5 жас, 6 жас,: «Кескіндеме» және «Графика». Балалар «Қысқы ойындар», «Қысқы ормандағы жануарлар», «Астаудағы құстар»  тақырыптарында суреттер салды.

        Байқаудың мақсаты: белсенді және салауатты өмір салтына қызығушылықты қалыптастыру, позитивті эмоцияларды дамыту, достар мен отбасы мүшелерімен бірге ойнап, қысқы демалыстан ләззат алу қабілетін қалыптастыру; қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарларға қамқорлықпен, сезімталдықпен және мұқият қарауға тәрбиелеу.

       1 дәрежелі дипломдарға балабақшаның 12 тәрбиеленушісі лайық деп танылды: №52 б/б Айару Рамазан, №46 б/б Көзайым Андерова, №24 б/б Ева Павловская, №3 б/б Лиана Кораблева, №9 б/б Уали Мерлан, №26 б/б Інжу Бейбіт, №43 б/б Дияра Туманова, №7 б/б Рахим Амантаев, №24 б/б Эмиль Филатов, №86 б/б Вероника Баланюк, №11 б/б Адина Сағадат, №102 Милана б/б Коряк.

      2 дәрежелі дипломдармен 12 балабақша тәрбиеленушісі марапатталды: №121 б/б Амира Беисова, №34 б/б Мирон Зеленеев, №14 б/б Адия Шайдуллина, №96 б/б Лиза Сапожникова, №51 б/б Дарья Завьялова, №21 б/б Жасмин Сагнаева, №120 б/б Малика Карабалина, №111 б/б Юля Игнатенко, №53 б/б Владимир Камозин, №4 б/б Ансар Тлеубек, №79 б/б Ариана Смакотина, №12 б/б Айлана Арынбек.

     3 дәрежелі дипломдармен  балабақшаның 12 баласы марапатталды: №16 б/б Қайрат Сабыр, №102 б/б Матвей Стасевич, №126 б/б Владислав Чекмарев, №45 с/б Гордей Лукьяненко, №58 б/б Амина Бөршібай, №14 б/б Рамина Берекелі, №9 б/б Айлана Дуненбаева, №121 б/б Гауһар Оразалы, №72 б/б Ақгүлім Касенбаева, №2 б/б Жасмин Джапарова, №112 б/б Аңсар Ерсаин, №37 б/б Раяна Қайырден.

    «Ең жақсы композиция / Лучшая композиция» номинациясында 26 бала жүлдегер атанды.