Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Сарбаздар – туған жердің қыраны» қалалық блиц-байқауы
06-05-2026 13:05
«Сарбаздар – туған жердің қыраны» қалалық блиц-байқауы
2026 жылғы 6 мамырда Павлодар қаласында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында «Сарбаздар – туған жердің қыраны» атты балалар көркем шығармашылығының қалалық блиц-байқауы өтті. Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарауға және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы тарихи естеліктерді сақтауға тәрбиелеу.
Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқитын 10 мен 16 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Қатысушылар үш жас санаты бойынша сынға түсті: 10–12 жас, 13–14 жас және 15–16 жас.
Байқау аясында оқушылар үш сағат ішінде қазақстандық сарбаздардың өмірін, қазіргі Отан қорғаушыларды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қаһармандық оқиғаларын бейнеледі , көркем жұмыстар орындады. Жұмыс тақырыптарына әскери өмірдің көріністері, майдан тұрмысы, сарбаздардың тынығу сәттері, Жеңіс сәттері, ардагерлермен кездесулер, сондай-ақ тыл еңбеккерлерінің үлесі кіреді.
Қатысушылар байқау жұмыстарын А-3 форматында кез келген көркем материалдармен орындады: гуашь, акварель, түрлі түсті қарындаштар, пастель немесе фломастер.
Байқау Майра көшесі, 3 мекенжайында орналасқан Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің базасында  өтті.
Жұмыстарды қазылар алқасы тақырыптың ашылуы, техникалық орындалуы, бейнелеу сауаттылығы, эмоционалдық әсері және автордың жеке қолтаңбасы сияқты бірнеше өлшемшарттар бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша әр жас санатында жүлдегері, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталады. Барлық жүлдегерлер дипломдармен марапатталады.
ГРАН-ПРИ иегері Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде бір жыл бойы тегін білім алуға сертификатпен марапатталды
«Сарбаздар – туған жердің қыраны» қалалық блиц-байқауы мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін шыңдауға және өскелең ұрпақтың тарихи жадын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаң болды.